12 тамыз: Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 12 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

52 жыл бұрын (1967) Ақмола облысы әкімінің индустрия және инвестициялар жөніндегі орынбасары Қанат Мұратұлы ЫДЫРЫСОВ дүниеге келген.

Көкшетау қаласында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын агроном мамандығымен (1990); Республикалық салааралық есеп және статистика институтын есепші-экономист мамандығымен (1997) бітірген.

Еңбек жолы: Көкшетау облысындағы «Садовый» кеңшарының агрономы (1991 жылдан бастап); Көкшетау және Ақмола облыстары бойынша Салық басқармасында түрлі лауазымдар атқарған (1992-1999); Атбасар ауданы бойынш Салық комитетінің төрағасы (2000-2006); «Бурабай» МҰТП» директорының орынбасары (2006-2008); Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының ведомствоға бағынышты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі (2008-2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

50 жыл бұрын (1969) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының орынбасары Ержан Жиқсанғалиұлы МЫРЗАБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Армия генералы В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін аяқтады (1990): РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы жанындағы Әскери қаржы-экономикалық факультетін бітірді (1999).

Еңбек өтілі: ҚР ҰҚК Шекара қызметі қаржы қызметінің бастығы, инспекцияның инспектор-ревизоры, департамент бастығының орынбасары, бас қаржы инспекциясының бастығы болды.

Қазіргі қызметінде 2014 жылдың қарашасынан бері.

36 жыл бұрын (1983) Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ дүниеге келген.

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономика мамандығымен (2007); Қазақ-Орыс халықаралық университетінің құқықтану факультетін (2012); Ресей Федерациясы жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік және муниципалдық басқару жөніндегі мамандығы (Master of Public Administration (MPA) бойынша (2017) бітірген.

Еңбек жолы: Ақтөбе қаласында коммерциялық мекемелерде жабдықтаушы (2004-2006); Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бас маман (2008-2010); Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бөлім басшысы (2010-2012); Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары (2012); Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы (2012-2013); Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы (2013-2016); Махамбет ауданының әкімі (2016-2017); Жылыой ауданының әкімі (2017-2018).

Қазіргі қызметінде 2018 жылғы маусымнан бері.

Соңғы жаңалықтар