12 тамыз. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 12 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null 81 жыл бұрын (1937) ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты СЫДЫХАНОВ Әбдірашит Аронұлы дүниеге келді.

Атырау облысының Индер ауданындағы Кулагино ауылында туған. Суретші, Алматы көркемсурет училищесін, Н.К.Крупская атындағы Халық шығармашылығы үйі жанындағы Мәскеу көркемсурет студиясын бітірген.

ҚР Көркемсурет Академиясының мүшесі. Шығармашылық жолын «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы ретінде бастады. «Қараш-Қараш», «Құлагер», «Кездеспей кеткен бір бейне», «Өрнек», «Жусан» т.б. фильмдерді түсіруге қатысты. 1967 жылы Мәскеуде оның «Ән қанатында» фильміне жасаған эскиздері бойынша көрме болып өтті (1966). Ол - «1916 жыл», (Ақындар дауысы»,  «Ереуілшілер», «Жеңілгендер»), «Маңғыстау мұнайшылары», «Кездесу» триптихтарының, «Қазақстан туралы поэма» панносының, т.б. шығармалардың авторы. Қыл қалам шеберінің суреттері Польша, Болгария, Ресей, т.б. өткен халықаралық көрмелерге қойылды. «Тарлан» сыйлығымен марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері. 

null 51 жыл бұрын (1967) Ақмола облысы әкімінің индустрия және инвестициялар жөніндегі орынбасары ЫДЫРЫСОВ Қанат Мұратұлы дүниеге келген.

Ол Көкшетау қаласында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын агроном мамандығымен (1990); Республикалық салааралық есеп және статистика институтын есепші-экономист мамандығымен (1997) бітірген.

Еңбек жолы: Көкшетау облысындағы «Садовый» кеңшарының агрономы (1991 жылдан бастап); Көкшетау және Ақмола облыстары бойынша Салық басқармасында түрлі лауазымдар атқарған (1992-1999); Атбасар ауданы бойынш Салық комитетінің төрағасы (2000-2006); «Бурабай» МҰТП» директорының орынбасары (2006-2008); Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының ведомствоға бағынышты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі (2008-2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

null 49 жыл бұрын (1969) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының орынбасары МЫРЗАБАЕВ Ержан Жиқсанғалиұлы дүниеге келді.  

Шығыс Қазақстан облысында туған. Армия генералы В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін аяқтады (1990): РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы жанындағы Әскери қаржы-экономикалық факультетін бітірді (1999).   

Еңбек өтілі: ҚР ҰҚК Шекара қызметі қаржы қызметінің бастығы,  инспекцияның  инспектор-ревизоры, департамент бастығының орынбасары, бас қаржы инспекциясының бастығы болды.  





null 35 жыл бұрын (1983) Атырау қаласының әкімі ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ Әлимұхаммед дүниеге келген.

Ол Ақтөбе облысы Хромтау қаласында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономика мамандығымен (2007); Қазақ-Орыс халықаралық университетінің құқықтану факультетін (2012); Ресей Федерациясы жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік және муниципалдық басқару жөніндегі мамандығы (Master of Public Administration (MPA) бойынша (2017) бітірген.

Еңбек жолы: Ақтөбе қаласында коммерциялық мекемелерде жабдықтаушы (2004-2006); Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бас маман (2008-2010); Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бөлім басшысы (2010-2012); Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары (2012); Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы (2012-2013); Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы (2013-2016); Махамбет ауданының әкімі (2016-2017); Жылыой ауданының әкімі (2017-2018).

Қазіргі қызметінде 2018 жылғы маусымнан бері.

Соңғы жаңалықтар