12 шілдеде Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 12 шілде күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен қалаларында жайлы метеожағдай қалыптасады.

Атмосфералық ауаның ластануы тек Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар