+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

12 шілде күнгі ауа райы болжамы

2020 жылғы 12 шілде 06:29
Бөлісіңіз:
12 шілде күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 шілде күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың тек оңтүстік жартысында және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрып, солтүстікте және шығыста бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңбыр, жел және бұршақ: 14 тамызға арналған ауа райы болжамы Оралда қатты желден теректер құлап, автокөліктерді басып қалды Қазгидромет: 13 тамыз күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артады. Бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында найзағай, бұршақ болжанады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз найзағай күтіледі.

Атырау облысының күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Жамбыл, күндіз Түркістан, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.

Қызылорда облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Ақмола, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысында, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT