+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

12 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 12 сәуір 07:00
Бөлісіңіз:
12 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2020 жылғы 12 сәуірге арналған күнтізбені ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін бокстан Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді Қазақстанда 23 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы Еркін күрес: Ел біріншілігінде барлық салмақтағы жеңімпаздар анықталды

АТАУЛЫ КҮНДЕР


Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні (Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні)

1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер - Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшты. Авиация және космонавтика күніне халықаралық мәртебе 1968 жылы Халықаралық авиация федерациясының конференциясында берілді. 2011 жылдан бастап оған тағы бір атау қосылды - Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні (International Day of Human Space Flight). 2011 жылдың 7 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы пленарлық отырысында ғарыш кеңістігін игеру ісіндегі алғашқы қадамға 50 жыл толуына орай арнайы қарар қабылданды. Оның тең авторлары әлемнің 60-тан астам мемлекеті болды.


Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні

Ел Президентінің Жарлығымен 2011 жылы бекітіліп, 2012 жылдан бастап аталып келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы еліміздегі ең жоғары ғылыми ұйым болып саналады. Ол 1946 жылы Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен құрылған.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР


1961 жылы ұшқыш-ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Восток-1» ғарыш аппаратымен әуеге көтерілді. 115 минуттан кейін ғарыш аппараты Ресейдің Саратов облысы аумағына қонды.


1996 жылы консультативтік-кеңесші орган саналатын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес (ЖЭК) құрылды. ЖЭК-тің негізгі міндеттері - стратегиялық сипаттағы әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, Мемлекет басшысы үшiн экономиканың, оның негiзгi салалары мен секторларының жай-күйi туралы баяндамалар мен талдау материалдарын даярлау, мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу, шет елдерде, соның iшiнде өтпелi экономикасы бар елдерде, экономикалық реформаларды жүзеге асыру тәжiрибесiн зерделеу және оны Қазақстанда қолдану жөнiнде ұсыныстар даярлау, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ұсыныстар даярлау.


2006 жылы Ғарышты игерудің 45 жылдығына орай «ҚазҒарыш» паркі салынды. Ағаштарды отырғызуға «ҚазҒарыш» ҰҚ қызметкерлері, ғарыш саласының ардагерлері қатысты.


2010 жылы Павлодарда қазақ халқының ғұлама ұлы, еліміздің Ғылым академиясының бірінші президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай ескерткіш ашылды. Қ.Сәтбаевтың қола мүсіні Жерді бейнелейтін жасыл тасты жартылай сфераға сүйенген, Қордай жерінен алынған гранит тұғырға орнатылған. Баспалдаққа қаланған тастар әртүрлі, олар ғалымның жер қойнауы байлығымен жүріп өткен жолын символдық түрде бейнелейді. Монументтің биіктігі - 8,5 метр. Ескерткіштің авторы - мүсінші, Суретшілер одағының мүшесі, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Ольга Прокопьева. Тұрғырнама жобасын белгілі сәулетші Владимир Кацев жасаған.


2013 жылы Туристер арасында кең танылып келе жатқан Астана қаласы әлемдегі беделді Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясына (World Tourism Cities Federation - WTCF) мүше болды. Посткеңестік елдер арасында WTCF-ке Мәскеу, Минск және Астана қаласы ғана мүше.

2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам өз жұмысын бастады.


2017 жылы «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап өтілген 6 бағыт бойынша (Латын әліпбиіне көшу, Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы, Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық, Қазақстандағы 100 жаңа есім, Туған жер) бірқатар жобаларды қолға алу қарастырылды. Оны іске асыру бойынша Ұлттық комиссия құрылды.


2018 жылы Испанияның Малага қаласында өткен жүзу спорты бойынша ашық чемпионатта қазақстандық спортшылар үлкен табысқа кенелді. Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин үш алтын, Әділбек Мусин екі күміс медаль, Әділ Қасқабай бір күміс және бір қола медаль, ал Айбек Камзенов тағы бір қола медальді жеңіп алды.


2019 жылы Түркістанда «Оқсыз оқиғасы» анимациялық фильмінің таныстырылымы өтті. Бұл фильмде әлемге әйгілі ғұлама Әл-Фарабидің балалық шағы, білімге деген алғашқы қадамы, жаңашылдыққа деген ұмтылысы сипатталады. Білімін ел игілігіне жұмсаған ғұламаның өз еліне деген сүйіспеншілігі, Отанға қызмет етудегі қайраткерлігі суреттелген.

Тарихи деректерге сүйенсек, Әл-Фараби қазіргі Отырар ауданы аумағындағы Оқсыз қалашығында дүниеге келген. Сондықтан фильмнің аты да «Оқсыз оқиғасы» деп қойлыған. 3D форматта әзірленген фильмнің ұзақтығы - 25 минут. Режиссері - Нуриддин Паттеев, сценариін жазған Бақытжан Құлжабай, композиторы Әйтеке Көптілеу, қоюшы суретшісі Самат Нұралиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT