12 өңірде тарифтер 9,66 млрд теңгеге төмендетілді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы тамыз айында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар субъектілерінің 2020-2021 жылдарға тарифтік сметасын және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есептерін қарау нәтижесі бойынша еліміздің бірқатар өңірінде жалпы сомасы 9,05 млрд. теңгеге коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендегендін хабарлады.

Бүгінгі күні Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу шеңберінде 12 өңірде, атап айтқанда Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары бойынша мынадай салаларда: сумен жабдықтау – 162 млн. тг, жылумен жабдықтау – 379 млн. тг, су бұру – 22 млн. тг, электр энергиясын беру – 37 млн. тг, тауарлық газды тасымалдау – 9 млн. тг жалпы сомасы 609 млн. теңгеге тарифтер қосымша төмендетілді.

Нәтижесінде, қазіргі уақытта бекітілген уақытша өтемдік тарифтің жалпы сомасы (бұрын аталған сомаларды ескере отырып) 9,66 млрд. теңгені құрайды.

«ТМРК монополист - субъектілердің есептеріне талдау жұмыстарын жалғастыруда. Нәтижелері қосымша хабарланатын болады»,-делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар