+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

12 мыңнан астам тараздық баласына алимент төлеуден жалтарып жүр

2019 жылғы 19 қазан 13:34
Бөлісіңіз:
12 мыңнан астам тараздық баласына алимент төлеуден жалтарып жүр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында баласына алимент төлемей жүрген әкелер саны артуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында 100 млн теңге алимент берешегі өтелді Көкшетауда алимент төлеуден қашып жүрген әке 3 тәулікке қамалды Павлодарда алимент төлемеген азаматтардың қарызы 21 млн теңгеге жетті

Дәл осылай дабыл қаққан қалалық прокуратура өкілдері уәкілетті органдармен бірге алимент өндіру және заңдылық тәртіпті қадағалау мақсатында жиын өткізді.

Келелі кеңесте міндеттерінен қасақана жалтарып жүрген борышкер әкелер саны бірнеше мыңнан асып жығылатыны айтылды.

«Тараз қаласы бойынша баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-аналар саны 12 мыңнан асқан. Айталық қыркүйек айында 10 күн ішінде борышкерге қатысты әкімшілік іс-қозғалып, нәтижесінде 8 адам қамауға алынып, одан бөлек 3 жауапкершілігі жоқ әкеге әкімшілік айыппұл салынған. Отбасылық кішігірім даудан, үлкен мемлекеттік мәселеге айналып отырған бұндай кикілжіңдер қоғам мен бала тәрбесіне де кері әсері орасан зор», - дейді Тараз қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Нұрсұлтан Тілешов.

Жауаптылардың айтуынша, борышкерлердің өз міндеттерінен жалтаруына басты себеп – жұмыссыздық. Сондай-ақ, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қала көшелеріне арнайы билбордтар ілінсе, ЛЕД экрандардан отбасылық видео жазбалар көрсетіліп жүр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT