12 мыңнан аса қостанайлықтың көлік салығы бойынша 190 млн теңге берешегі бар

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 12 мыңнан астам жүргізуші жалпы сомасы 190 млн теңге болатын көлік салығын төлемеген. Бұл туралы өңірлік Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облысында 12 мыңнан астам адамның көлік салығы бойынша 190 млн берешегі бар. 26 мамырдан бастап төленбеген қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін іс жеке сот орындаушыларына беріледі», - деп мәлім етті жергілікті құзырлы органнан.

Белгілі болғандай, қаулылар сот орындаушыларына өткен жағдайда борышкердің шет елге шығуына тыйым салынады. Сонымен бірге, азаматты қамауға алу, көлік құралын айыппұл тұрағына орналастыру, жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтату мен банк шоттарын бұғаттау шаралары қолданылады.

«Жыл басынан бері өткен жылдардың берешегін төлемегені үшін Лисаков, Рудный қалаларының, Сарыкөл, Федоров және Жітіқара аудандарының 5 тұрғыны 1-3 тәулікке дейін бұлтартпау шарасымен қамауға алынды. Рудный қаласының борышкеріне жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру шарасы қабылданды», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар