+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

12 маусым күні ауа райы қандай болады

2021 жылғы 12 маусым 00:29
Бөлісіңіз:
12 маусым күні ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
38 градусқа дейін ыстық: 12 өңірде ескерту жарияланды 13 маусым күнгі ауа райы болжамы Синоптиктер 11 өңірде ескерту жариялады

Қазақстанның солтүстік және орталық аудандары антициклонның ықпалында болады. Сондықтан көбіне жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Ал еліміздің басқа аумақтарында атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы құбылмалы сипатта болады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, дауыл соғады. Жел күшейеді.

Оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде бұршақ жауады, дауыл тұрады, күшті жел соғады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай кезінде жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауады. Маңғыстау облысында күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел жылдамдығы - 15-20, 25 м/с.

Қостанай, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT