12 лауреат «Қостанай облысы жастарының алтын кітабына» енді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Қостанай облысы жастарының алтын кітабының» лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Биыл «Алтын кітап» 12 жаңа есіммен толықты. Оның ішінде - жас көшбасшылар, журналистер, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп мамандары, жас ғалымдар, спортшылар, дарынды артистер, ұстаздар мен кәсіпкерлер бар.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов лауреаттарға: «Сендердің жетістіктерің Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік саясаты мен қамқорлығының арқасы, - деді. - Өзін-өзі дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер, қажетті жағдай жасалды. Жаңа инфрақұрылымдық нысандар, мәдениет үйлері, мектептер салынуда. Бірқатар жастар бағдарламалары, бастамалар, білім беру жобалары («Дипломмен ауылға!», «Жастар практикасы», «Болашақ») іске асырылуда».
Арбада спорттық билеуден Азия чемпионы, «Алтын кітап» лауреаты Малика Мұқтарованың сөзі еркше әсерлі болды. Оны зал орындарынан тұрып қарсы алды. Спортпен айналысуын жалғастыру үшін оған арнайы арба сыйлыққа берілді. 11 жылда кітап 172 лауреатпен толықты. Оның ішінде 44 - спорт, 23 - мәдениет, 20 - ерлігі үшін, 1-еуі қайтыс болғаннан кейін, 7 - денсаулық сақтау, 16 - білім беру саласынан.
- БҚО-да инфекциялық стационарларда жатқандар саны 300-ден асты
- Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережелері жарияланды
- Пандемия кезінде кәсіпкерден 14 млн теңге пара алған шенеунік сотталды – Қостанай
- Қостанайда мемлекеттік сатып алуды тексеру кезінде 300 млн теңге үнемделді
-
Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасының редакциясын кері қайтаруды ұсынды
-
Ақан Сатаев парақорлар туралы әлеуметтік ролик түсірді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам