12 қыркүйекте өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 қыркүйек күні өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

Сейсенбі күні Мәжіліс үйінде 2018-2020 жылдарға арналған ел бюджетіне қатысты үш заң жобасының таныстырылымы өтеді.

Алғашқы заң жобасы республикалық бюджет туралы, екіншісі - Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы және үшінші заң жобасы бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерге қатысты болмақ. Парламент мүшелеріне заң жобаларын қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырады.

12 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильиннің қатысуымен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қорытындысы шығарылады.

Сондай-ақ, бұл күні Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» қауымдастығы Кеңесінің төрағасы міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Парламентінің VI шақырылымының депутаты Бахтияр Мәкенің қатысуымен «Жастардың кадрлық резерві» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сейсенбі күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу институты «Цифрлық Қазақстан: Қазақстан Республикасының ұлттық цифрлық кинотоптамасының  құрылуы» дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырады. Кездесуде цифрландыруды қажет ететін өзекті фильмдер тізімі және цифрлық топтаманы құрудың өзге де ұйымдастырушылық мәселелері қаралады. «Дөңгелек үстел» аясында «Кино туралы» заң жобасы талқыланады.

Соңғы жаңалықтар