12 қыркүйекте ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, ертең де Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған байланысты көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыста және шығыста – тұман.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы, Жамбыл облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар