12 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 12 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1956) мемлекет және қоғам қайраткері Бектас Әбдіханұлы БЕКНАЗАРОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. 1983 жылы - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 1978-1981 жылдары - Жамбыл қаласындағы Орталық ауданының халық сотында сот орындаушысы. 1981-1984 жылдары - Жамбыл облысы әділет бөлімінің консультанты, аға консультант. 1984-1990 жылдары - Жамбыл облысы Жуалы аудандық халық сотының судьясы. 1990-1994 жылдары - Жамбыл облыстық сотының мүшесі. 1994-1995 жылдары - Жамбыл облыстық соты төрағасының орынбасары. 1995-1997 жылдары - Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 1997-2000 жылдары - Жезқазған облыстық сотының төрағасы, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 2000-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы. 2002-2006 жж. - Атырау облыстық сотының төрағасы. 2006-2009 жылдары - Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы. 2009-2011 жылдары - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, 2011-2013 жылдары - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 2014 жылдан - Сенат депутаты. Қазіргі қызметінде 2016-2020 жылдары ҚР Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Мерекелік медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

46 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Экология, геология жне табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Жанұзақұлы АЛДАМЖАРОВ дүниеге келді.

Ташкент (Өзбекстан) қаласында туған. Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1999 жылдан 2008 жылға дейін мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. 2008-2012 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы, бас маманы. 2012-2014 жылдары –Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары. 2014-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау қызметінің басшысы. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары. 2018-2020 жылдары – Жамбыл облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың маусым айынан бастап.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

37 жыл бұрын (1984) ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әлия Сүйіндікқызы САПАРОВА дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін 2006 жылы «журналистика» мамандығы бойынша, 2010 жылы «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: «Алау-ТВ» ЖШС «Өмір ағымы» бағдарламасының жүргізушісі (2004-2006); А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде тәрбие ісі және қоғамдық келісім жөніндегі проректордың орынбасары (2006-2009); тәрбие ісі және қоғамдық келісім істері жөніндегі проректордың міндетін атқарушы (02.2009-11.2009); қоғаммен байланыс басқармасының басшысы (ҚМУ) (2009-2010); Лисаков қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы (01.2010-03.2010); Лисаков қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары (2010-2012); Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы (2012-2014); «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2014 жылдан). ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (2016-2021). Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтарынан бері.

31 жыл бұрын (1990) Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Жамаубайұлы КӘРІБЕК дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бакалавриатын2014 жылы магистратурасын, 2018 жылы PhD докторантурасын бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласының Алматы ауданы «Jas Otan» Жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының инспекторы, «Jas Otan» Жастар қанаты филиалының аппарат басшысы, Nur Otan партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының менеджері, «Jas Otan» Жастар қанаты хатшылығының ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің сарапшысы, Nur Otan партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының хатшылық басшысы, атқарушы хатшысы, төрағасы болды, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды штабының «Team Qazaqstan» жастар қанатын басқарды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарған. Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Президенттік жастар кадр резервінің құрамында, Nur Otan партиясы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың сәуір айынан бастап.

Соңғы жаңалықтар