+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

12 қыркүйек. Туған күн иелері

2020 жылғы 12 қыркүйек 08:10
Бөлісіңіз:
12 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 12 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
28 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі 23 қазан. Туған күн иелері 23 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1956) мемлекет және қоғам қайраткері Бектас Әбдіханұлы БЕКНАЗАРОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. 1983 жылы - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

1978-1981 жылдары - Жамбыл қаласындағы Орталық ауданының халық сотында сот орындаушысы. 1981-1984 жылдары - Жамбыл облысы әділет бөлімінің консультанты, аға консультант. 1984-1990 жылдары - Жамбыл облысы Жуалы аудандық халық сотының судьясы. 1990-1994 жылдары - Жамбыл облыстық сотының мүшесі. 1994-1995 жылдары - Жамбыл облыстық соты төрағасының орынбасары. 1995-1997 жылдары - Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 1997-2000 жылдары - Жезқазған облыстық сотының төрағасы, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 2000-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы. 2002-2006 жж. - Атырау облыстық сотының төрағасы. 2006-2009 жылдары - Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы. 2009-2011 жылдары - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, 2011-2013 жылдары - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 2014 жылдан - Сенат депутаты.

Қазіргі қызметінде 2016-2020 жылдары ҚР Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Мерекелік медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

36 жыл бұрын (1984) VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әлия Сүйіндікқызы САПАРОВА дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін 2006 жылы «журналистика» мамандығы бойынша, 2010 жылы «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Алау-ТВ» ЖШС «Өмір ағымы» бағдарламасының жүргізушісі (2004-2006); А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде тәрбие ісі және қоғамдық келісім жөніндегі проректордың орынбасары (2006-2009); тәрбие ісі және қоғамдық келісім істері жөніндегі проректордың міндетін атқарушы (02.2009-11.2009); қоғаммен байланыс басқармасының басшысы (ҚМУ) (2009-2010); Лисаков қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы (01.2010-03.2010); Лисаков қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары (2010-2012); Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы (2012-2014); «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2014 жылдан).

Қазіргі қызметін 2016 жылдың наурызынан бастап атқарып келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT