+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

12  қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 12 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
12  қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 12 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
23 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі 22 қазан. Туған күн иелері 22 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақ киносының күні

Алғашқы қазақ киносы ретінде «Амангелді» фильмі саналады. «Ленфильм» студиясында түсірілген картина ұлт батыр Амангелді Иманов туралы баяндады. Режиссері - Марк Левин, ал Амангелдінің рөлін актер Елубай Өмірзақов ойнады. Осылайша, қазақтар туралы түсірілген алғашқы фильм дүниеге келді. 1941 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы қаласында фильмдердің түсірілімімен Көркем және деректі фильмдер студиясы айналыса бастады. Кейіннен ол «Қазақфильм» атауына өзгертілді. Қазақстан кинематографистері одағының басшысы Бауыржан Нөгербеков 2005 жылы бұл күнді (12 қыркүйек) «Қазақ киносының күні» деп атауды ұсынды. Содан бастап бұл дата жыл сайын атап өтіліп келеді.

Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні

Жедел жәрдем - бүкіл әлемдегі адамдардың өмірін сақтаудағы шешуші факторлардың бірі. 2000 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің екінші сенбісінде көптеген елдер Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күнін атап өтеді (World First Aid Day). Оны өткізуге ұлттық ұйымдар - Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының мүшелері бастама білдірді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1931 жылы Павлодар облысының ең көне мерзімді басылымдарының бірі - Шарбақты ауданының «Мінбер» («Трибуна») газеті жарық көрді.

Газет беттерінде аудан орталығындағы жаңалықтар жарияланды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттары мен жаңашылдары, үздік дәрігерлер мен мұғалімдер, егіншілер мен орманшылар әрдайым тілшілердің назарында болды.

1941 жылы Қазақ КСР-нің Халық комиссарлары кеңесінің №762 қаулысына сәйкес Алматы (көркем фильмдер) киностудиясы құрылып, 1960 жылы атауы «Қазақфильм» болып ауыстырылды. 1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты берілді (Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы).

1998 жылы Алматы қаласында ақын, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіш-бюсті мен мұражай үйінің ашылу салтанаты өтті.

2006 жылы Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-Түркі» атты еңбегінің орыс тіліндегі алғашқы басылымы жарық көрді. Аталмыш еңбек түркі тілдерінің ең көне сөздігі және Орталық Азиядағы өркениет тарихы туралы маңызды білім көздерінің бірі болып табылады. Шығыстанушы, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ әдебиеті классигінің немересі Зифа-Алуа Әуезова үш жылдан астам уақытын ежелгі түріктердің қайталанбас мәдени ескерткішін аударуға арнады. Басылым ХІ ғасырда Махмұд Кашқари құрастырған «Диуани Лұғат ат-түрік» лексикографиясының тұңғыш сөздігінің араб тіліндегі түпнұсынан толықтай аударылған.

2009 жылы Алматыда қазақ және орыс тілдерінде «Алматы тарихы» атты кітаптың 1,2-томдары, «Алматы энциклопедиясы», «Жетісудың ортағасырлық астаналары», «Алматы - мың жылдық тарих» атты шығармалардың таныстырылымы өтті.

Кітаптарды Ұлттық Ғылым Академиясының Марғұлан атындағы Археология, Сүлейменов атындағы Шығыстану, Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институттарының мамандары бірлесіп дайындаған. Туындыларда түрлі дерек көздері негізге алына отырып, қаланың ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі түйінді сәттері жаңа көзқараста тұжырымдалып жазылған.

2012 жылы Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ашық аспан астындағы «Құмай» археологиялық-этнографиялық кешені ғылыми орталығы мен ландшафт мұражайын құру жобасының тұсауы кесілді. Кешенде жалпы тарихы 4 мың жылдан асатын қола дәуірінің, ерте темір дәуірінің (сақ кезеңі), ғұн және түркі дәуірлерінің ежелгі және ортағасырлық ескерткіштері жиналған. Шара аясында Астанадан 120 км шығыста Құмай өзенінің жағасындағы «Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан кешеннің аумағына саяхат ұйымдастырылды.

2015 жылы Астана әуежайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық ғарыш стансасынан оралған «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің халықаралық экипажын құттықтады. ). Ғарыштан Жерге оралғандардың ішінде қазақстандық космонавт Айдын Айымбетов те бар, ол 2015 жылдың 2-12 қыркүйегі арасында 2-бортинженер ретінде ғарышқа сапарлады. «Біз баршамыз сіздердің аман-есен оралғандарыңызды тіледік. Әрине, барлық Қазақстан халқы біздің үшінші ғарышкеріміз Айдынның (Айымбетов - ред.) сәтті оралуын күтті. Байқоңыр ғарыш айлағының мерейтойлы жылында бұл өте айрықша мәні бар оқиға», - деді Президент.

2017 жылы Қазанда өткен ХІІІ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің қорытындылары бойынша актер Дулыға Ақмолда «Оралман» фильміндегі еңбегі үшін үздік актор атанды.

2018 жылы ҚР Ұлттық Банкі номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған және номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған «Сүйінші» коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Аталмыш монеталар «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясына кіреді.

Сүйінші - қуанышты жаңалық. Қуанышты хабар жеткізген адамға «қалағаныңды ал» деп, сыйлық береді. «Сүйінші» деген сөзді айтқанда кез келген адам жақсы хабар жеткізілетінін біледі.

Монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы - 24 грамм, диаметрі - 37 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 2 мың дана. Ал екінші түрі мельхиор қоспасынан жасалған, диаметрі - 31 мм, массасы - 11,17 грамм, дайындау сапасы - «brilliant uncirculated», таралымы - 30 мың дана.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімдігінде «бір терезе»қағидаты бойынша қызмет көрсететін «Open әкімдік» ашылды

Елордалықтар жаңа қызмет көрсету орталығында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Тұрғын үй қоры, Жұмыспен қамту орталығы, Қазпошта және аудан әкімдігінің қызметтерін электронды кезекке тұру арқылы қолдана алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT