12 қазан. Туған күн иелері.

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 12 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1938-2014) Қазақстан Республикасы Туының авторы,  монументші-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәкен НИЯЗБЕКОВ дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. Санкт-Петербург көркем өнеркәсіп институтын бітірген. 1963-1966 жылдары - Санкт-Петербургтағы Электр пісіру жабдықтарының бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының суретші-конструкторы. 1966-1968 жылдары - Қазақ КСР халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің суретшісі. 1969-1982 жылдары - Алматы қаласының бас суретшісі. 1982-1987 жылдары - Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы. 1983-1984 жылдары - КСРО Суретшілер одағының хатшысы. Ол «Абай», «Музыка сазы», «Аңшылық», «Құрманғазы», «Кісен ашқан», «Әли Батыр», «Сырым Датов», т.б. алюминийге, мысқа, жезге бедерленген монументтік туындылардың, Қазақстан Республикасы Туының, Алматы қаласы таңбасының авторы. Техника ғылымының докторы В.Зайчикпен бірлесіп жасаған пісіргіш машинасы Монреальдағы дүниежүзілік көрмеде көрсетілді. «Глобус» телевизорының көркемдік-конструкторлық сапасы үшін 1965 жылы Чехословакияда өткен халықаралық конкурста 1-ші дәрежелі сыйлық берілді. «Құрмет» орденімен, 1998 жылы "Астана" медалімен, 2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен, 2005 жылы "Қазақстан конститутциясына 10 жыл" медалі және т.б мемлекеттік марапаттармен марапатталған.

75 жыл бұрын (1943) әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жұлдыз Әбілқайырқызы БАЙМОЛДИНА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Мәскеу университетін, Италияның Неаполь қаласындағы Сан Пьетро а Майелла консерваториясын, Мәскеу қаласындағы КСРО Ғылым академиясы Орыс тілі институтының аспирантурасын бітірген. 1967-1973 жылдары Неаполь қаласындағы университет жанындағы Шығыс тілдер институтында орыс тілінен сабақ берген. 1973-1977 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театры құрамында соло-әншісі болып, Сара (М.Төлебаев «Біржан-Сара»), Ажар (А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай»), Прилепа (П.Чайковский «Қарғаның мәткесі»), Виолетта, Валера мен Джильда (Дж.Верди «Травиата», «Риголетта»), Розина (Дж.Россини «Севилья шаштаразы»), Цермина (В.Моцарт «Дон Жуан»), т.б. партияларын орындады. 1981-1984 жылдары - Қазақ филармониясының соло-әншісі. 1983-1994 жылдары Алматы театр және кино институтында (қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) ұстаздық етті. 1993 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында итальян тілінен сабақ берді. Ол орыс тілі синтаксисіне, сондай-ақ, кәсіби әншілік дауысты игеріп қалыптастыру мәселелері жөнінде ғылыми-әдістемелік еңбектер жазды.

152 жыл бұрын (1866-1937) Ұлыбританияның мемлекет және саяси қайраткері Джеймс Рамсей МАКДОНАЛЬД дүниеге келді.  


83 жыл бұрын
 (1935-2007) атақты итальян әншісі (тенор) Лучано ПАВАРОТТИ дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар