12 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 12 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

null

12 қазан, ЖҰМА 

БҰҰ-да испан тілі күні

Біріккен Ұлттар Ұйымы қоғаммен байланыс департаментінің бастамасымен атаулы күндердің қатарына енді. 2010 жылы бұл құрылым БҰҰ ресми алты тілінің әрбірі үшін атаулы күнді бекіту ұсынысын жасады. Содан бастап испан тілі күні 12 қазанда тойланады.

Бразилияда сәби күні

Мұндай мерекені атап өту ұсынысын алғаш рет 1920 жылы Galdino do Valle Filho федералды жиынының депутаты жасады. Нәтижесінде 1924 жылы Бразилия президенті Артур Бернардес ұсынысты құптады. Осылайша 12 қазан бразилиялық балалар үшін ресми мереке болып бекітілді.

Испанияның мемлекеттік мейрамы - испан ұлтының күні

Христофор Колумбтың Американы ашқан жылының құрметіне орай атап өтіледі (1492).

Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 11 ақпанда орнатылды.

Экваторлық Гвинея Республикасының ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні

Экваторлық Гвинея - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Гвинея-Бисау, Сенегал, Малимен, шығысында және оңтүстік-шығысында Кот-д' Ивуармен, оңтүстігінде Либерия, Сьерра-Леонемен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Конакри қаласы. Мемлекеттік тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - гвинея франкі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1965 жылы Өскемен әуежайына алғаш рет АН-24 лайнері қонды, Өскемен мен Алматы арасындағы тікелей әуе рейстері ашылды.

1991 жылы Қазақстан Жастар одағы құрылды. Басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, елдегі жоғары оқу орындары студенттерінің мәдени және экономикалық құқықтарын қорғау.

1997 жылы Алматыда Ұлттық ақпарат орталығы ашылды.

1998 жылы композитор Шәмші Қалдаяқовтың (1930-1992) Алматыдағы зиратына ескерткіш қойылды.

2000 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу және беру ережесін бекіту туралы» Жарлығы жарық көрді. 

2004 жылы Қазақстан білім мен ғылым қызметкерлерінің үшінші съезі өтіп, онда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың проблемалары мен негізгі бағыттары туралы сөз сөйледі.

2005 жылы Ресейдің Астрахань облысы Володар ауданындағы Алтынжар селосында ұлы күйші Құрманғазы атындағы мемлекетаралық мәдени орталық ашылды. Киіз үй пішіндес ғимаратта Құрманғазының мұражайы, қазіргі заманғы қонақүй және музыка бөлмесі орналасқан. Соңғысында домбыра, фортепьяно, баян және теориялық музыка сыныптары бар. Ал мұражайға 19 ғасырдағы қазақ тұрмысының жәдігерлері, Құрманғазының киімдері мен тұтынған заттары қойылған.

2008 жылы 12-14 қазан аралығында Австрияның Федералдық Президенті Хайнц Фишердің Қазақстанға ресми сапары болды. Сапар барысында еліміздің басшысымен келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықтың бүкіл салалары талқыланды.

2009 жылы Минск қаласында өткен жылдың үздік құрылысы және жобасы халықаралық байқауында қарағандылық архитектор Рамазан Әубәкіровтің жұмысы Алтын медальмен марапатталды. Халықаралық архитекторлар одағының қауымдастығы өткізіп отырған байқауға Қарағандыдан 5000 орындық мешіттің жобасы ұсынылды. Жұмысты орындаған авторлардың бірі Р.Әубәкіровтің айтуынша, «жоба қасиеті Қағба тасының бейнесіне келтіріліп жасалған». Авторлар куб формасындағы мұсылман мешітін, күмбезі мен мұнарасын ақ түспен жасауды және оларды шынымен қаптап қоюды ұсынды.

2010 жылы Хорватия астанасы Загребтегі «Мимара» мемлекеттік музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабының хорват тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді.

2011 жылы Жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық қауымдастығы (IAAF) Алматыдағы Орталық стадионға оның жүгіру жолақтары қаптамасының халықаралық жарыстарды өткізуге қойылатын IAAF-тың барлық техникалық талаптары мен ережелеріне жауап беретіндігі жөнінде сертивикат берді.

Осылайша Алматы орталық стадионының жүгіру жолағы 2 класс жеңіл атлетика нысаны ретінде мойындалды. Бұл оған халықаралық жарыстарды өткізу құқығын береді. Бұл Орталық Азиядағы осындай сертификатқа ие алғашқы стадион екенін атап көрсеткен жөн.

2011 жылы 75 жастағы қарағандылық марафоншы Павел Сиротин 20 км қашықтықта ардагерлер арасындағы ІІ Еуропа ойындарының жеңімпазы атанды. Аталған жарысқа Еуропаның 40-тан астам елінен жиналған спортшылар қатысқан болатын.

2011 жылы Астанадағы «Ядросыз әлем үшін» Халықаралық форумының қорытындысы бойынша ядросыз әлем туралы Декларация қабылданды.

2011 жылы РФ Астрахан облысы Шағын Арал ауылында Бөкей хан кесенесінің ашылу салтанаты өтті. Бөкей хан тарихқа Бөкей ордасының негізін қалаушы ретінде енді. ХІХ ғасырдың бас кезінде қазақтар жоңғар тайпаларын ығыстырып шығарған тұста ол І Павел патшамен келіссөз жүргізіп, Жайықтың оң жағалауын иеленді. 1812 жылы Бөкей ордасын құрды, бұл мемлекет 1845 жылға дейін өмір сүрді. Ол Еділ мен Жайық өзендерінің арасында, қазіргі Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында, сондай-ақ ішінара қазіргі Қазақстанмен шектесетін Ресей жерлерінде орналасты. Бөкей хан Астрахань облысында, өзінің рухани ұстазы, ғұлама Сейіт бабаның қабірінің жанына жерленді.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «proof» сапасымен номиналдық құны 100 теңгелік «Барыс» және номиналдық құны 500 теңгелік бір гауһар орнатылған «Үкі» ескерткіш алтын монеталарын айналымға шығарды. 

2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысымен А.Айымбетовке Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Қасиетті тақ жанындағы елшілігі дінаралық диалог жөніндегі Папа Кеңесімен ынтымақтастықта Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында Ватиканда «Қазіргі әлемдегі этносаралық және конфессияаралық келісім» ғылыми-практикалық конференциясы және фотокөрмесін ұйымдастырды.

2017 жылы Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Венгрияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп, мажар этнографы, профессор Михай Хоппалдың зерттеуі бойынша «Шамандар мен жора-рәсімдер» атты фотокөрме ұйымдастырды.

Көрменің ашылу салтанатына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті түркітанушы ғалымдар, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері мен журналистер қатысты.

2017 жылы Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани Астанада Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәліге Мажарстан президентінің жарлығымен бекітілген Мажарстанның офицерлік крест орденін салтанатты түрде табыс етті.

1968 жылы Мексика астанасы Мехикода Олимпиада ойындары басталды. Бұл ойындардың ерекшелігі алғаш рет таулы аймақта өткізілді.

Соңғы жаңалықтар