12 қарашада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 қараша күні елорда мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де wdd2021.online / сайтында қант диабетін зерттеу жөніндегі қазақстандық қоғам халықаралық онлайн-конференция өткізеді. Конференция «Дүниежүзілік диабетпен күрес күні – 2021: инновация ғасыры» деп аталады. Бұл шара инсулиннің ашылғанына 100 жыл және КОИД-тің 5 жылдық мерейтойы аясында өтуде.

9.50-де fincongress.kz сайтында Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресі онлайн режимде өтеді. Шараны Қазақстан Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы ұйымдастырады.

10.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік жылдарындағы музейлердің жағдайы» атты республикалық онлайн-форум өтеді.

10.00-де «MONACO» қонақ үйінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай , өзге ұлт жастары арасындағы «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауын өткізеді.

10.00-де Сенатта «Қауіпті өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету: талдау, болжамдар және ұсыныстар» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтеді. Үкімет сағаты parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңғырту мәселесіне арналған баспасөз брифингі өтеді. Шарада қалалық және қала маңындағы бағыттар бойынша тестілеуден өткен 3 әлеуетті жолақы төлеу жүйелері ұсынылады.

10.30-да Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив және құжаттаманы басқару комитеті «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-сі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлттық мұра» атты көрмесін ашады.

11.00-де «Іскер» бизнес-орталығында «Жастардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы және оны жетілдіру жолдары» атты дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз орталығында «ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі ахуал туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Нұр-Сұлтан әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжінде «Жас маман» жобасын іске асыру бойынша презентация өтеді. Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Талап» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, әлеуметтік әріптестер қатысады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Шығыс Қазақстан облысының дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

14.45-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның X Азаматтық форумын ұйымдастыру және өткізу» туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматттық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева. Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 75 жылдығына, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 30 жылдығына және ЕҰУ-нің 25 жылдығына арналған К.М. Байпақовтың, Ж.Қ. Таймағамбетовтың «Қазақстан археологиясы» атты ғылыми басылымның тұсаукесері өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР қазіргі эпидемиологиялық жағдайы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі Гүлбарам Асқарованың «Ойлар коллажы» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасы аясында ұйымдастырылды.

17.00-де «Астана Балет» театрының фойесінде атақты хореограф Василий Медведевтің редакциясында Рикардо Дригоның музыкасына жазылған Мариус Петипаның «Раушан гүлі мен көбелектің романы» атты спектаклінің премьерасына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Балетке хореография академиясының педагогтары мен тәрбиеленушілері қатысады.


АЛМАТЫ

10.30-да ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аяқ киім тауарларын таңбалау процесіне қатысатын Алматы қаласындағы нысандар бойынша баспасөз турын өткізеді. Шара барысында БАҚ өкілдері кеден қоймасында және қазақстандық аяқ киім өндірісінде таңбалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысады.

14.00-де «Атакент» көрме орталығында «Қазхимпром» ЗТБ Central Asia Plast World пластмасса өндірісі мен бұйымдарын өндіруге арналған шикізат пен технологиялар, пластмасса индустриясының 13-ші Халықаралық көрмесі аясында химия өнеркәсібі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізеді.

17.00-де Алматы Менеджмент университетінде (AlmaU) «Шеврон» компаниясының қолдауымен іске асырылатын ITeachMe5.0 жастар инклюзивті лагерінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтеді.


Соңғы жаңалықтар