12 қарашада Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 12 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде: 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы.

9.00-де «Hilton Astana» қонақүйінде қазақстандық кәсіпорындардың ЭЫДҰ GLP зертханалық практика стандарттарына көшуі жөнінде семинар-кеңес өтеді.

9.30-да ЭКСПО Конгресс-орталығында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен «Байқоңыр – әлемдік ғарыш бесігі» атты халықаралық форум басталады.

9.30-да Гранд Парк Есіл қонақүйінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалар офисімен бірлесіп «Ұлттық сайлау заңнамасы мен Халықаралық сайлау стандарттарын сақтаудағы халықаралық бақылау институтының рөлі» атты семинар-тренинг ұйымдастырады.

10.00-де «Назарбаев орталығында» аймақтағы геосаясат пен қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған «Астана клубының» бесінші отырысы өтеді.

10.00-де «Комфорт Отель Астана» қонақүйінде ІІІ Имамдар форумы өтеді.

10.00-де Rixos President Astana қонақүйінде «Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция басталады.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архивінде Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күніне арналған «Теңге тәуелсіздік символы» көрмесі ашылады.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Автожолдар салу мен қайта жөндеу» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

17.00-де Назарбаев Университетінде «Қазақстандағы саяси коммуникация бойынша оқу құралы» кітабы таныстырылады.

18.30-де Ritz-Carlton қонақүйінде Халықаралық валюта қоры Қазақстанмен 2019 жылғы консультацияларының аяқталуы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

18.30-да Бейбітшілік және келісім сарайында Юлия Москаленконың «VIVA ARTE MIDA» атты жеке көрмесі ашылады.

АЛМАТЫ

9.30-да «Shera Park Inn» қонақүйінде «Бақытты отбасы» жанұялық соттарда отбасылық қолдау орталықтарын ашу» әлеуметтік жобасының қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтеді.

10.00-де Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «Сәулет және құрылыс», «Дизайн» секцияларын даярлау бағытында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі Оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы өтеді.

14.30-да Қазақстан Баспасөз клубында «Шілік фермерлері» жобасының бес жылдығына арналған баспасөз мәслихатында спикерлер өз тәжірибелерімен, маңызды оқиғалармен және жоба нәтижелерімен бөліседі.

Соңғы жаңалықтар