12 қарашада Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қараша, дүйсенбі күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай болжанып отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған «ҚазАқпарат».

Бұл күні Астана мен Орал қалаларында ауаның ластануы болжанып отыр. Метеожағдай бойынша, Қарағанды атмосферасында ластанған заттардың жиналуы күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалға (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) жасалатын болжам.

Соңғы жаңалықтар