12 қараша. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 12 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null

ЕСІМДЕР

113 жыл бұрын (1905-1981) композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, профессор, КСРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Евгений Григорьевич БРУСИЛОВСКИЙ дүниеге келді.

Дондағы Ростовта туған. Ленинград консерваториясын профессор М.О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Ол - Н.Бөкейханов, Л.Мұхитов, М.Бөкейханов, И.Байзақов сияқты көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған. Брусиловский алғашқы қазақ операларын, симфонияларын, ірі хорлық және кантата - ораториялық шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант.

Ол - «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операларының, «Сарыарқа», «Целинная», «Құрманғазы» симфонияларының, кантаталардың, сюиталардың 50-ден аса ән мен романстардың авторы. Е.Г.Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән. Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде Е.Г.Брусиловскийдің еңбегі зор.

Ленин, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

58 жыл бұрын  (1960) ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, актер  Болат Мәзімбайұлы ӘБДІЛМАНОВ дүниеге келді.

Талдықорған облысы Ақсу ауданы Қаракөз кеңшарында туған. Алматы мемлекеттік театр-көркем институтының актерлік факультетін бітірген (1982), драмалық театрдың актері. 1982 жылдан - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік жасөспірімдер мен балалар театрының актері. 1992-2006 жылдары - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. «Абай» (Абай), «Томирис» (Мард), «Айман-Шолпан» (Арыстан), «Тойдан қайтқан қазақтар» (Қошқарбай), «Геростратты ұмыту» (Тиссаферн), «Қамар сұлу» (Оспан) спектакльдерінде ойнаған. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ақын арманы» (Торайғыров), «Шәкәрімнің соңғы күні» (Қарасартов), «Заманай» (Есет), «Құланның ажалы» (Иемберген) кинофильмдерінде, «Шегіртке» (Дастанов) телесериалында, т.б. рөлдер орындаған. Театр қайраткерлері одағының мүшесі. «Құрмет» (2009) орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2001).

Соңғы жаңалықтар