+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

12 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 12 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
12 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 12 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік пневмонияға қарсы күрес күні

Күнтізбеде балалар пневмониясына қарсы күрес күн Ғаламдық коалицияның арқасында пайда болды. Халықаралық, үкіметтік, үкіметтік емес және жергілікті ұйымдардың, ғылыми-зерттеу және білім алу институттарының, қорлардың және белсенді азаматтардың бірлестігі осылай аталады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1959 жылы Қазақстан Журналистер одағы құрылды. Оның басты мақсаттары мен міндеттері – БАҚ-тар мен билік институттары арасында конструктивті диалог орнату; сөз бен баспасөз бостандығын қорғау; журналистика мен БАҚ-тардың жалпымемлекеттік, көпұлттық дамыған инфрақұрылымын қалыптастыру және оны халықаралық ақпараттық кеңістікке бейімдеу; журналистер жекедара шығармашылық жұмысымен айналысуы үшін оларға экономикалық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау және т.б.

1993 жылы ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» №1399 Жарлығы шықты. Оған сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы ескі сом ақшаны 1 теңгеге 500 рубль бағамымен айырбастау құқығына ие болды. Бірақ бір адам тек 100 мың рубль алмастыра алатын, яғни әрбір қазақстандық қолма-қол ақшамен тек 200 теңге алатын еді. Теңгенің бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге етіп белгіленді.

1997 жылы Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы» Заңына қол қойылды.

2005 жылы Қазақстан Халықаралық әуе бағыттарындағы тасымалдау туралы келісімге қосылды. Бұл құжат келісіп отырған мемлекеттер арасында қонбай ұшу құқықтарымен көпжақты алмасуды және тұрақты әуе қатынасы кезіндегі коммерциялық емес тоқтауларды қарастырады.

2010 жылы Гуанчжоуда Азиада туының «Астана-Алматы 2011» қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне табыстау рәсімі өтті, сондай-ақ қысқы Азия ойындары Қазақстаннан кейін қай қалада өтетіні анықталды.

2013 жылы Түркия елінің Бурса қаласындағы «Ордекли Хамам» мәдени орталығында «Түркі әлемінің мәдени мұрасы және мұражайлар» атты мұражай ісі бойынша ТҮРКСОЙ Халықаралық форумы салтанатты түрде ашылды.

2015 жылы Назарбаев Университетінің түлегі Дана Ақылбекова Орталық Азиядағы ең ірі «Қазақстан – жаңа жаһандық инновациялық хаб» Халықаралық инновациялық форумы» аясында жылдың үздік жас ғалымы және бас жүлде - 7,5 млн теңге сыйлықтың иегері болды. Ол байқауда диабеттен зардап шегетін адамдарға инсулин егудің жаңа әдісін ұсынды.

2017 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ жерінде Есет батырдың 350 жылдығына батырдың ескерткіші ашылды.

Жергілікті кәсіпкерлер қаржы бөліп, биіктігі 5,5 метр болатын ескерткіш орнатылды. Мүсінші - Ерлан Пірімбетов. Оған жергілікті кәсіпкер Нұрлан Сағыналин «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 32 млн теңге бөлді.

Есет батыр Көкіұлы үнемі Әбілқайыр ханның жанынан табылып, ханның бастамалары мен Ресейге қосылу ойын қолдады. Ханның қасында болып, ақыл-кеңесін берді, хан мен халық арасында дәнекер болды. Бөгенбай батыр, Жәнібек батырмен бірігіп, Әбілқайыр ханды қолдады, көмек көрсетті. 1743 жылы 3 шілдеде Ресей патша үкіметінің жарлығымен Есет Көкіұлына тархан атағы беріледі.

2018 жылы Қазақстандық актриса Самал Еслямова басты рөлді сомдаған «Айка» фильмі Германияның Коттбус қаласында өткен халықаралық кинофестивальде гран-приге ие болды. Конкурста 40 елден 190 фильм сынға түскен. Гран-примен қатар «Айка» қазылардың арнайы жүлдесін де қанжығаға байлады. Айта кетейік, кинотуындыны режиссер Сергей Дворцевой түсірген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT