12 қараша. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

None
None
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 12 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

12 қараша. СЕЙСЕНБІ

Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні

Күнтізбеде балалар пневмониясына қарсы күн Ғаламдық коалицияның арқасында пайда болды. Халықаралық, үкіметтік, үкіметтік емес және жергілікті ұйымдардың, ғылыми-зерттеу және білім алу институттарының, қорлардың және белсенді азаматтардың бірлестігі осылай аталады.

Ресей Жинақ банкі қызметкерлерінің күні. 1841 жылғы 30 қазанда (ескі санау бойынша 12 қарашада) император І Николай Ресейде жинақ кассаларын құру туралы Жарлық шығарған. 1998 жылдан атап өтіледі.

Әзірбайжан Конституциясы күні. Республиканың Негізгі заңы 1995 жылғы 12 қарашада қабылданған, сол күні тәуелсіз Әзірбайжанда тұңғыш парламенттік сайлау өтті. Конституция күнін бекіту туралы шешім 1996 жылғы 6 ақпанда қабылданды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

288 жыл бұрын (1726) ІІ Екатерина патшайым Сырым Датұлын тұтқыннан босату туралы барон О.Игельстромға жарлық хат (рескрипт) жолдады.

55 жыл бұрын (1959) 12-14 қарашада баспасөз құралдары өкілдерінің шығармашылық ұйымы - Қазақстан журналистер одағы құрылды.

Қазақстан журналистер одағының тарихы өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастау алады. Қазақстан журналистерінің тұңғыш съезінде «Баспасөз туралы» деген тақырыпта баяндама жасап, баспасөздің міндеттерін айқындап берді. Бұл кезде орыс тілінде 16, қазақ тілінде 12, ұйғыр тілінде 1 газет шығып тұрған. Съезд баспасөз қызметкерлерінің ұйымын құрып, оның Бүкілқазақстандық Орталық бюросын сайлады, төрағалығына Т.Рысқұловты бекітті.

54 жыл бұрын (1960) Алматыда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

23 жыл бұрын (1991) Елбасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетін құру туралы», «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылғандарды ақтау туралы» Жарлықтарға қол қойды.

19 жыл бұрын (1995) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының наградалары туралы» заңдық күші бар Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы ең жоғары дәрежелі «Алтын қыран», «Айбын», «Достық» ордендері бекітілді. «Алтын қыран» орденімен республикаға ерекше еңбек сіңірген азаматтар, ал «Айбын» орденімен ҚР Қарулы Күштерінің, Республикалық Ұланның, Президент күзеті қызметінің, Шекара және Ішкі әскердің әскери қызметкерлері, сондай-ақ Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер қызметкерлері әскери даярлықта қол жеткізген жетістіктері, әскери жаңа техниканы игергені, заңды, қоғамдық тәртіпті бұлжытпай сақтағаны, халық мүддесін қорғаудағы адалдығы, т.б. үшін, «Достық» орденімен елдегі қоғамдық келісімді сақтауға, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастық ахуалын нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталады.

19 жыл бұрын (1995) ақындар Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әліге «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

18 жыл бұрын (1996) Жамбыл қаласында 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығына орай Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке арналған ескерткіш орнатылды.

17 жыл бұрын (1997) Қазақстанның жаңа астанасы - Ақмола (қазіргі Астана) қаласында Орталық Азияның үш республикасы - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында үш мемлекеттің халықаралық консорциумдар құру жөнінде бірлесе әрекет етуінің принциптері жөніндегі тұжырымдаманы мақұлдау туралы хаттамалық шешімге қол қойылды.

17 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы» Заңына қол қойылды.

14 жыл бұрын (2000) Алматыдағы Қазақ драма театрында Бауыржан Момышұлының туғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс өтті.

10 жыл бұрын (2004) Өскеменде Ауғанстанда қаза тапқан шығыс-қазақстандық интернационалист-жауынгерлер құрметіне салынған Мемориалдың ашылу салтанаты болды. Біреуі түзу, екеуі ұштары көлбеу - аспанға ұмтылған үш стелла және соны көмкерген гранитті қабырғаға қаза болғандар есімі ойып жазылған 12 метрлік монумент Ертістің жағасында, қаланың орталығында орнатылған.

10 жыл бұрын (2004) Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан кіретін көпфункционалды әскери-саяси интеграциялық жүйе. Ұйымның негізгі міндеті - мүше-мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне кез-келген қатерге тиімді қимыл таныта алатын дамыған ұжымдық қауіпсіздік жағдайын жасау болып табылады.

9 жыл бұрын (2005) Астанада «Көшпенділер» фильмінің премьерасы өтті.

9 жыл бұрын (2005) Қазақстан Халықаралық әуе бағыттарындағы тасымалдау туралы келісімге қосылды. Бұл құжат келісіп отырған мемлекеттер арасында қонбай ұшу құқықтарымен көпжақты алмасуды және тұрақты әуе қатынасы кезіндегі коммерциялық емес тоқтауларды қарастырады.

9 жыл бұрын (2005) ТМД елдері Халықаралық сәулетшілер одағының қауымдастығы өткізген ең жақсы жобалар байқауының алтын медалін Астана қаласындағы көп тарапты «Балбалтас» кешені иеленді.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда Халықаралық «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің І конгресі болып өтті. Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы түлектерінің қауымдастығы және «Қазақстан жастар конгресі» ұйымдастырды. Оған «Болашақ» бағдарламасының түлектері, мемлекеттік органдар, елшіліктер және ұлттық компаниялар өкілдері қатысты. Негізгі мақсат - «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің басын қосып, өзара қарым-қатынасын дамыту, шет елдерде алған білім тәжірибелерімен ой бөлісу.

5 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік қолдау мен мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі «Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және білікті заң көмектерін алудағы, сондай-ақ халыққа құқықтық көмекті ұйымдастыруды жақсартудағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған «Білікті заң көмектерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

5 жыл бұрын (2009) Алматыдан 128 шақырым жерде «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» трансұлттық газ құбырының қазақстандық учаскесінің ашылу салтанаты болып өтті. Астанада тікелей бейне-байланыс бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао қосу түймесін символдық басу арқылы желілік газ кранын ашты.

Газ құбырының құрылысын «ҚазТрансГаз» және «Транс-АзияГазпипилайн компании» компаниялары басымдық негізде құрған «Азиялық газ құбыры» ЖШС 2008 жылғы шілденің 9-да бастаған болатын. «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» трансазиялық газ құбырының жалпы ұзындығы 7000 шақырымға жуық. Оның 188 шақырымы Түрікменстан, 525 шақырымы - Өзбекстан, 1293 шақырымы - Қазақстан, 4860 шақырымнан астамы Қытай аумағында тартылды. Қытайда газ құбыры Гуанчжоу қаласына дейін жеткізіледі, ол жерден басқа да жұмыс жасап тұрған газ құбыры тармақтарына бөлінеді.

Газ құбыры, Түрікменстаннан Қытайға табиғи газ транзиттеумен қоса, қазақстандық газдың еліміздің батыс кеніштерінен оңтүстік аймақтарға жеткізілімін қамтамасыз ететін болады.

Қазақстан аумағы арқылы өтетін құбыр желісі екі учаскеден тұрады: жылдық өткізу қуаты 40 миллиард текше метрді шамалайтын алғашқы учаске - Өзбекстан мен Қазақстан шекарасынан қазақстан-қытай шекарасына дейін тартылса, екіншісі, өткізу қуаты 10 миллиард текше метрді шамалайтын, екінші учаске - «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» бағыты бойынша өтеді.

5 жыл бұрын (2009) Қаныш Имантайұлы Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде ЖОО-ның Қазақ тау-металлургия институты болған кезіндегі бірінші ректоры Әшір Бүркітбаевтың құрметіне арналған ескерткіш ашылды.

4 жыл бұрын (2010) Астанадағы халықаралық конференцияның барысында «EXPO-2017» ірі халықаралық көрмесінің логотипі мен веб-сайты таныстырылды. Веб-ресурстың мекен-жайы: www.expo2017astana.com .

4 жыл бұрын (2010) Гуанчжоуда Азиада туының «Астана-Алматы 2011» қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне табыстау рәсімі өтті, сондай-ақ қысқы Азия ойындарының Қазақстаннан кейін өтетін қала анықталды.

4 жыл бұрын (2010) Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасында моңғол жазушысы, Моңғолиядағы Қазақ ғылыми орталығының төрағасы Ислам Қабышұлының «Тұран әлемі» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бір жыл бұрын (2013) Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында (ТарМПИ) Ғазиз Байтасовтың құрметіне «Халық қаһарманы» мұражай-кабинеті ашылды.

Полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың өмірі мен ерлігіне арналған кабинетте «Халық қаһарманы» туралы ақпарат жазылған стендтер рәсімделген, мұнда оның отбасы табыстаған жеке киімдері де бар.

Бір жыл бұрын (2013) Түркия елінің Бурса қаласындағы «Ордекли Хамам» мәдени орталығында «Түркі әлемінің мәдени мұрасы және мұражайлар» атты мұражай ісі бойынша ТҮРКСОЙ Халықаралық форумы салтанатты түрде ашылды.

Бір жыл бұрын (2013) Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Панфиловшылар: аңызға айналған 60 күндік ерлік» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

93 жыл бұрын (1921) АҚШ-та қарусыздану бойынша Вашингтон конференциясы өз жұмысын бастады. Оған АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Жапония, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды және Португалия сияқты елдер қатысты.

65 жыл бұрын (1949) Гватемала президенті болып Хакобо Арбенс Гусман сайлданды. Ол елде ілгерінді реформалар жүргізгісі келді, алайда Орталық барлау басқармасының ұйымдастыруымен өтті деп есептелген мемлекеттік төңкеріс кезінде тақтан түсірілді.

49 жыл бұрын (1965) ішінде 600 жолаушы мен экипаж мүшелері болған ағылшынның «Yarmouth Castle» кемесі Майамиден Нассауға жүзу кезінде белгісіз себеппен өртене бастайды. Толық жанып кеткен теңіз кемесі үшінші тәулікте суға батып кетті. Соның салдарынан 92 адам қаза тауып, 400-ден астамын күрделі күйіктер шалады.

44 жыл бұрын (1970) Үндістан мен пәкістандық Шығыс Бенгалияға (қазіргі Бангладеш) провинциясына циклон және күшті көтерілген толқын құлап, 500 мыңнан астам адамның қаза болуына себеп болды.

43 жыл бұрын (1971) АҚШ президенті Никсон американдық әскердің Оңтүстік Вьетнам аумағындағы белсенді әскери қимылдарының тоқтатылуын мәлімдеп, тағы 45 мың әскери қызметкердің елден шығарылуы туралы бұйрық береді.

24 жыл бұрын (1990) Жапония императоры Акихитоға ресми тәж кигізу шарасы өтті. Ол өз әулетіндегі 125-ші император, қазіргі кезде әлемде билік етіп отырған жалғыз император болып табылады.

24 жыл бұрын (1990) Тим Бернерс-Ли Бүкіләлемдік торды құру бойынша ресми ұсынысты жариялайды.

19 жыл бұрын (1995) Хорватия үкіметі мен сербиялық көшбасшылар сербтар қадағалап отырған Хорватияның соңғы облысы болып табылатын Шығыс Славонияны Хорватияның қарауына беру келісіміне келді.

ЕСІМДЕР

18 1 жыл бұрын (1833-1887) орыс композиторы және ғалым-химик БОРОДИН Александр Порфирьевич дүниеге келді

17 4 жыл бұрын (1840-1917) атақты француз мүсіншісі Франсуа Огюст Рене РОДЕН дүниеге келді.

14 8 жыл бұрын (1866-1925) қытай революционері-демократ Сунь Ятсен дүниеге келді.

109 жыл бұрын (1905-1981) композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, ҚазССР-нің халық артисі, профессор КСРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БРУСИЛОВСКИЙ Евгений Григорьевич дүниеге келді.

Дондағы Ростовта туған. Ленинград консерваториясын профессор М.О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Ол - Н.Бөкейханов, Л.Мұхитов, М.Бөкейханов, И.Байзақов сияқты көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған. Брусиловский алғашқы қазақ операларын, симфонияларын, ірі хорлық және кантата - ораториялық шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант.

Ол - "Қыз Жібек","Жалбыр", "Ер Тарғын" операларының, "Сары-арқа", "Целинная", "Құрманғазы" симфонияларының, кантаталардың, сюиталардың 50 - ден аса әндер мен романстардың авторы. Е.Г. Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән. Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде Е.Г.Брусиловскийдің еңбегі зор.

Ленин, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

10 5 жыл бұрын (1909-1962) ғалым, экономика ғылымының кандидаты, доцент ЕРОФЕЕВ Николай Александрович дүниеге келді.

Ресейдің Симбирск губерниясындағы Панская Слобода селосында туған.

1935 жылы Ленинградтың (Санкт-Петербор) индустриалдық институтын, Б(б)КП ОК жанындағы Жоғарғы озық тәжірибе мектебін бітірген.

1940-1941 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі. 1941-1945 жылдары - Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі Төрағасының орынбасары. 1945-1950 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Кәсіпшілік кооперациясының басқарма бастығы. 1950-1952 жылдары - Қазақ КСР Кәсіпшілік кооперациясы кеңесі басқармасының бастығы. 1952-1953 жылдары - Қазақстан ҒА Экономика институты директорының орынбасары. 1953-1954 жылдары - Қазақстан ҒА партия комитетінің хатшысы. 1954-1962 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетнің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) аға оқытушысы, доценті, өнеркәсіп экономикасы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

«Экономические административные районы Казахской ССР», «Ведущая роль социалистической промышленности в развитие народного хозяйства СССР. Развитие промышленности Казахской ССР», «Учись хозяйствовать», «Отраслевая структура промышленности СССР. Развитие отраслевой структуры промышленности Казахской ССР» кітаптарының авторы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 2-3-шақырылымдарының депутаты.

«Құрмет Белгісі» орденімен, медальмен марапатталған.

100 жыл бұрын (1914-2001) ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, мемлекет және қоғам қайраткері ІЛИЯСОВ Ғұбайдолла Отарұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі ауылшаруашылық тобының бастығы қызметін атқарған. 1950-1952 жылдары - Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары. 1952-1954 жылдары - Көкшетау облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1954-1955 жылдары - Ақмола облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1956-1959 жылдары - Талдықорған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1959-1961 жылдары - Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1961-1975 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, аға оқытушысы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 4-5-шақырылымдарының депутаты.

2 мәрте 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған.

9 9 жыл бұрын (1915-2000) ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері ҚОРДАБАЕВ Төлеубай Рақымжанұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Қазақ педагогика институтын бітірген. Моңғолияның Баян Өлгий аймағында қызмет істеген. 1946-1993 жылдары Қазақ педагогика институтында, Қыздар педагогика институтында, Жоғары партия мектебінде әр түрлі қызметтер атқарып, Қарағанды мемлекеттік университетінде қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Тіл білімі институты бөлімінің меңгерушісі болған. Ғалымның 10-нан астам оқулығы, ғылыми-зерттеу еңбектері, монографиясы бар. Негізгі ғылыми еңбектері қазақ тілінің тарихи синтаксисіне, мақал-мәтел және поэзия синтаксисіне, тіл графикасы мен орфографиясына, лексикасы мен лексикографиясына, сондай-ақ жалпы тіл білімі мәселелеріне арналған. Еңбек Қызыл Ту және Моңғол Халық Республикасының «Алтын ғадас» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

81 жыл бұрын (1933-2012) Күрд және ирак саяси қайраткері, 2005-2012 жылдардағы Ирак президенті Джаляль Хусамаддин ТАЛАБАНИ дүниеге келді.

79 жыл бұрын (1935-2011) ресейлік театр және кино актері, КСРО халық әртісі ГУРЧЕНКО Людмила Марковна дүниеге келді.

76 жыл бұрын (1938) ғалым, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты АХМЕТОВА Бэла дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Алғашқы ғылыми жұмысын протонографияның кейбір мәселелерін зерттеуден бастаған. Мәскеу ғалымдарымен бірлесіп монокристалдардағы ядролық реакциялардың көлеңкелер эффектісін (әсерін) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ахметованың тікелей қатысуымен зарядталған бөлшектердің (протондардың, альфа-бөлшектердің) кристалдармен әсерлесуі, энергиясы 100 кэВ-ке дейін жететін протондардың әр түрлі дозасымен сәулелендіру кезінде металдар мен қорытпаларда блистерлердің пайда болуы зерттелді. Бұл зерттеудің термоядролық реактордың 1-ші қабырғасының материалын таңдау үшін маңызы зор болды. 20-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

71 жыл бұрын (1943) жазушы ТӨРЕХАНОВ Эрнест дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің орыс филологиясы факультетін бітірген. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің корректоры, әдеби қызметкері, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болған. Ұзақ жылдар «Жазушы», «Жалын» баспаларында, «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеген. «Наука и высшая школа Казахстана» газетінің бас редакторы қызметін атқарған. 1990 жылдан бері Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, осы қоғамның «Ақ Жарық» - «Белый Свет» атты газетінің бас редакторы қызметін қоса атқарған. Жазушының алғашқы кітабы - «Хантәңірі» деген атпен 1978 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Алтын шеңбер» повестер мен әңгімелері, «Таудан түскен із» повесі, «Ер кезегі» роман және повесі, «Алыстағы ақ қала», «Алматыда күн ашық», «Ескендір мен Роксана» романдары шыққан.

62 жыл бұрын (1952) ҚР-ның Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі (2012 жылғы шілдеден), ҚР-ның Аргентина Республикасындағы және Чили Республикасындағы төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы ОРДАБАЕВ Бақытжан дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Мәскеу энергетика институтын бітірген. 1975-1978 жылдары - Алматы энергетика институтында инженер, кіші ғылыми қызметкер, оқытушы, тағылымдамадан өтуші-зерттеуші, комсомол комитетінің хатшысы. 1978-1991 жылдары - Мәскеу энергетика инстиутының аспиранты. 1982-1986 жылдары алматы энергетика институтында аға оқытушы, факультет кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1986-1990 жылдары - Э.Мондлане атындағфы Университеттің (мозамбик) профессоры. 1990-1992 жылдары - Алматы энергетика институтында аға оқытушы, доцент. 1992-1996 жылдары - ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинетінде, ҚР Үкіметінің Аппаратында аға референт, коснультант, сыртқы байланыстар бөлімінің сектор меңгерушісі. 1996-1999 жылдары - ҚР Мемлекеттік хатшысы Ә.Кекілбаевтың кеңесшісі. 1999-2005 жылдары - ҚР-ның Түркиядағы елшілігінде кеңесші, кеңесші-елші. 2005-2008 жылдары - ҚР-нің Румыниядағы істерінің уақытша сенімді өкілі. 2008-2012 жылдары - Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі.

56 жыл бұрын (1958) жылы Қостанайдағы З.Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық университетінің ректоры ЖАМАНБАЛИН Қадырғали Қонысбайұлы дүниеге келді. Ол Қостанай облысының тумасы. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика факультетін тәмамдады.

Еңбек жолын 1982 жылы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтында (қазіргі Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті) әуелі оқытушы, содан кейін аға оқытушы, «Ақпараттық есептеуіш техникасы мен автоматтандырылған жүйелер» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарып бастады.

1987-1990 жылдар аралығында Ленинград мемлекеттік техникалық университетінің (ЛМТУ) (қазіргі Санкт-Петербор қаласы) аспирантурасында білім алды.

1993 жылы физика-техникалық факультетінің деканы қызметіне, сонымен бірге «Тәжірибелік және теориялық физика» кафедрасының профессоры болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар