12 қаңтарда Астана мен бірнеше өңір оқушылары үйден оқиды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – 12 қаңтарда Астана мен бірнеше өңірдегі мектеп оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланыстАстанадағы бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген білім басқармасының хабарламасында.

Сонымен қатар Семей қаласындағы 1 ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары, ал Ақтөбедегі 0-11 класс оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды.

Қарағанды қаласы мен Ұлытау облысында да 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан білім беру режиміне көшеді.

Орал қаласында да бастауыгш сынып оқушылары онлайн оқиды.

Шығыс Қазақстан облысының Самар, Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандарында - 0-11 сынып оқушылары, Қатонқарағай ауданында - 0-9 сынып, ал Алтай ауданында 0-4 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Еске салсақ, алматылық оқушылар мен студенттер екі күн қатарынан үйден оқиды.


Соңғы жаңалықтар