12 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 12 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1912-1993) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы ҚОНАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1936 жылы Мәскеудің Түсті металл институтын бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған. 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигінде бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры қызметтерін атқарады. 1939 жылдан «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 1955-1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1960-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1986 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының көтерілісі Желтоқсан оқиғасына ұласты. Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

82 жыл бұрын (1940) белгілі жазушы, драматург, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Айтмұханұлы ДОСАНОВ дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Ең тұңғыш туындысы «Шабындық басында» екінші сыныптың «Ана тілі» оқулығына енді. Қаламгерді елге танымал еткен туындысы «Ақ аруананы» басып шығарғанда ол 27 жаста болатын. Жазушының ең алғашқы кітабы «Қайырлы таң» деген атпен 1966 жылы жарық көрді. Содан кейін әлем халықтарының бірнеше тілдеріне аударылған ондаған шығармалары, соның ішінде «Тау жолы», «Екінші өмір» атты романдары жазылды. Бірнеше көркем шығармалары 1981, 1988, 1999 жылдары Мәскеуде жеке кітап болып шықты және өзге тілдерге аударылды. 1998 жылы «Санат» баспасынан «Жиырмасыншы ғасыр» атты жаңа романы жарық көрді. С. Досанов драматургия жанрында да жемісті еңбек етті. Драматургтің көптеген радиопьесалары Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.

Ресей Федерациясының Шолохов атындағы халықаралық сыйлығының, Қырғызстан Республикасының «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері. 2012 жылы желтоқсанда ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

61 жыл бұрын (1961) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенат төрағасының орынбасары Нұрлан Мәжитұлы ӘБДІРОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолы: КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы (1982-1984); КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнкті (1984-1987); ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары (1987-1997); Есірткіні бақылау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының хатшысы (1997-2000); ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары (2000-2001); ҚР Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары (2001-2002); ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор, Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (2002-2005); ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі (2005-2009); төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2009-2011); 2012-2016 жылдары – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; 2016-2020 жылдары алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама жөне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап.

«Құрмет» және «Парасат» орденімен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен наградталған.

61 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Асқарбек Съезбекұлы ҮЙСІМБАЕВ дүниеге келді.

Целиноград (қазіргі Ақмола) облысында туған. 1986 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 2005 жылы Мәскеу құқық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1978 жылы Веселое ауылында трактор жүргізушісі болып бастаған. 1979-1981 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1989-1991 жылдары – Веселое ауылында инженер; 1991-1992 жылдары – «Мәдениет» ЖШС директоры; 1998-2000 жылдары – Сандықтау ауданы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы; 2000-2002 жылдары – Бұланды ауданының әкімі; 2002-2004 жылдары – Ақмола облысы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы; 2004-2012 жылдары – Ақкөл ауданының әкімі; 2013-2017 жылдары – Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімі; 2017-2019 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары; 2019-2021 жылдары – Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімі. 2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, түрлі медальдармен, Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен марапатталған.

61 жыл бұрын (1961) «Алматы» телеарнасының Бас директоры Нұржан Жалауқызы МҰХАМЕДЖАНОВА дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін үздік тәмамдаған. Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында редактор, бөлім бастығы, Бас редактор қызметтерін атқарған.

1991 жылы Қазақ радиосы «Шалқар» бағдарламасы ақпараттық-сараптамалық редакциясының Бас редакторы, Қазақ радиосы бағдарламалар Бас редакторы, 1992-1994 жылдары Қазақ радиосы Бас директорының бірінші орынбасары, Қазақ радиосының саяси шолушысы қызметін атқарды. 1997 жылы ҚР Президенті Баспасөз қызметінде, 1997-2006 жылдары «Интерньюс» Халықаралық Ұйымының Қазақстандағы Өкілдігі директорының орынбасары, Атқарушы директоры, 2006 жылы «31 канал» ТРК Атқарушы директорының бірінші орынбасары, Атқарушы директоры, 2008-2011 жылдары «31 канал» ТРК Бас директоры болды. 2008 жылдан Қазақстан Телерадиотаратушылар Ұлттық Ассоциациясының Президенті. 2011-2016 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымы қызметін атқарды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы төрағасының бірінші орынбасары (2016-2019). 2019 жылы – «Қазақ радиолары» ЖШС-нің Бас директоры.

Қазіргі қызметін 2019 жылдың шілде айынан бастап атқарып келеді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.


60 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Нұрлан Секенұлы ОРМАНБЕТОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1983 жылы Харьков жоғары әскери авиация училищесін, 1996 жылы Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын, 2010 жылы РФ ҚК Бас штабы әскери академиясын тәмамдаған. Харьков жоғары әскери авиациялық училищесінің курсанты (1979-1983). КЖ жойғыш авиациялық дивизиясы жойғыш авиациялық полкінің ұшқышы, аға ұшқышы, авиациялық звено командирі, Шығыс әскерлер тобы авиациялық звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары, ҚР ҚМ қарамағында, эскадрилья командирі, Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясының тыңдаушысы (1983-1996), Бомбалаушы авиациялық полктің ұшу дайындығы бойынша полк командирінің орынбасары, бөлім командирінің орынбасары, Авиациялық база және 21751 әскери бөлім командирлерінің орынбасары, соңғысының командирі (1996-2007), ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары (2007-2010), 2010 жылдан – ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысы (2013-2017). 2017 жылдан – ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары. 2018-2020 жылдары – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабы бастығының орынбасары.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.

Бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1962) қазақстандық кинотанушы, киносыншы Гүлнар Ойратқызы ӘБІКЕЕВА дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының сценарий-кинотану факультетін кинотанушы мамандығы бойынша (1984); Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының аспирантурасын (1992) бітірген.

Еңбек жолы: 1984 жылдан – «Қазақфильм» киностудиясының сценарийлік-редакциялық алқасының аға редакторы; 1987 жылдан – Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының аспиранты (Мәскеу); 1992 жылы – «Азия кино» журналының бас редакторы; 1994 жылдан – Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Кино тарихы және теориясы» кафедрасының меңгерушісі; 1997 жылдан – «Сорос-Қазақстан» қорының «Мәдениет және өнер», «Бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау» бағдарламаларының үйлестірушісі; 2001 жылдан – Фулбрайт стипендиаты, АҚШ-тың Болдуин колледжінің, Пистбург университетінің зерттеушісі және оқытушысы; 2002 жылдан – «Сорос-Қазақстан» қорының «Шығыс Батыс» бағдарламасының үйлестірушісі; 2003 жылдан – «АСТВ» телеарнасының бас продюсері (Астана қаласы); 2004 жылдан – «Орталық Азия кинематография орталығы» қоғамдық қорының директоры (Алматы қаласы); 2005 жылдан бері – «Еуразия» халықаралық кино байқауының арт-директоры; 2006-2008 жылдары – «Евразия кино» журналының бас редакторы; 2009 жылдың қаңтар айынан бері – «Территория кино» журналының бас редакторы; «Мегаполис» (2003-2005), «Начнем с понедельника» (2006-2008) газеттерінде кино туралы тұрақты айдарды жүргізген; 1998 жылдан – ҚР Кинематографистер одағының мүшесі; 2006 жылдан – «ФИПРЕССИ» Халықаралық кино сыншыларының федерациясының мүшесі; 2007 жылдан – НЕТПАК Азия кино сыншыларының қауымдастығының мүшесі.

2006 жылы «Қазақстан Парламентіне 10 жыл»; «Ерен Еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. 2016 жылы Францияның Әдебиет және өнер орденінің кавалері атанды.

59 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2020 жылдан бастап), Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2021 жылдан), Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдары жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Ермекұлы ОМАРОВ дүниеге келген.

Өзбекстанда, Ферғана қаласында туған. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірген (1985). Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінде еңбек өтілінен өткен (1992).

Еңбек жолы: Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, этнография және археология институтының ғылыми қызметкері; Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма бойынша Бас редакциялық алқасында ағылшын тілінен аудармалардың бас редакторы (1989-1991); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы, Еуропа және Америка бөлімінің меңгерушісі (1992-1994); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басқарма бастығы, Еуропа департаменті директорының орынбасары (1996-1998); Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесші-елшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі Елшісі (1998-2004); ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы (2004); ҚР-ның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2004-2008); ҚР-ның Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы (2008-2009); ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары (2009-2013); 2013 жылғы қаңтардан бастап 2017 жылдың қаңтарына дейін – Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2017-2020 жылдары – Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталған.

59 жыл бұрын (1963) Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының мүшесі, кәсіби медиатор Юсуп Хасанұлы КЕЛИГОВ дүниеге келді.

Ингушетия республикасында туған. Целиноград мемлекеттік құрылыс шеберлері мектебін, Целиноград Көлік құрылысы техникумын, Қазақ мемлекеттік академиясын және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Целиноград ауданы Шалқар РСХО құрылыс учаскесінде жұмысшы ретінде бастады. «Ерейментау» совхозында шебер, «Шалқар» совхозында аға прораб, Ерейментау райпромкомбинаттың директоры орынбасары, 1998 жылы «Цесна» корпорациясының «Химцес» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Он төрт жылын елордалық коммуналдық шаруашылыққа арнап, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығынан «Горкоммунхоз» АҚ Басқарма төрағасына дейінгі жолды жүріп өтті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының «Астана орманы» ЖШС дамыту жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуір айынан бастап.

«Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен мараптталған.

43 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Амантайқызы ШАЙЫМОВА дүниеге келген.

Целиноград облысында туған. Л.Н. Гумилев атындағы университетін (1999); Қаржы полициясы академиясын (2004) бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық байланыс басқармасының кіші инспекторы, инспекторы, аға инспекторы, аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы (2000-2002); Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы құқықтық сараптама бөлімінің бастығы (2002-2004); Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары (2004-2005); Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары (2005-2011); Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының кеңесшісі (2011-2012); Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі - Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының Ақпараттық-талдау басқармасы Стратегиялық талдау орталығының басшысы (2012-2013); Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығы меңгерушісінің орынбасары (2013-2014); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы (2014-2015); 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап – 28 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі; 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

Қазіргі лауазымын 2019 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді.

Бірнеше жыл бойы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық жұмыс топтарының тең төрағасы болды. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерекелік және ведомстволық медальдарымен наградталған.


Соңғы жаңалықтар