12 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 12 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


null
ЕСІМДЕР

107 жыл бұрын (1912-1993)аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы ҚОНАЕВ (1912-1993) дүниеге келді.

Верный (қазіргі Алматы) қаласында туған. 1936 жылы Мәскеудің Түсті металл институтын бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған. 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигінде бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры қызметтерін атқарады. 1939 жылдан «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды. 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1986 жылы 16 желтоқсан күні - Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы болады.

Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

79 жыл бұрын (1940) белгілі жазушы, драматург, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Айтмұханұлы ДОСАНОВ дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Ең тұңғыш туындысы - «Шабындық басында» екінші сыныптың «Ана тілі» оқулығына енді. Қаламгерді елге танымал еткен туындысы «Ақ аруананы» басып шығарғанда ол 27 жаста болатын. Жазушының ең алғашқы кітабы «Қайырлы таң» деген атпен 1966 жылы жарық көрді. Содан кейін әлем халықтарының бірнеше тілдеріне аударылған ондаған шығармалары, соның ішінде «Тау жолы», «Екінші өмір» атты романдары жазылды. Бірнеше көркем шығармалары 1981, 1988, 1999 жылдары Мәскеуде жеке кітап болып шықты және өзге тілдерге аударылды. 1998 жылы «Санат» баспасынан «Жиырмасыншы ғасыр» атты жаңа романы жарық көрді. С.Досанов драматургия жанрында да жемісті еңбек етті. Драматургтің көптеген радиопьесалары Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.

Ресей Федерациясының Шолохов атындағы халықаралық сыйлығының, Қырғызстан Республикасының «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері. 2012 жылы желтоқсанда ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

58 жыл бұрын (1961) ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты Нұрлан Мәжитұлы ӘБДІРОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолы: КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы (1982-1984); КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнкті (1984-1987); ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары (1987-1997); Есірткіні бақылау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының хатшысы (1997-2000); ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары (2000-2001); ҚР Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары (2001-2002); ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор, Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (2002-2005); ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі (2005-2009); төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2009-2011); 2012-2016 жылдары - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; 2016 жылғы 25 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама жөне сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы.

«Құрмет» және «Парасат» орденімен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен наградталған.

58 жыл бұрын (1961) Ақмола облысы әкімінің орынбасары Әскербек Съезбекұлы ҮЙСІМБАЕВ дүниеге келді.

Қазіргі Ақмола облысында туған. Целиноград инженер-құрылыс институтын, инженер-механик (1986); Мәскеудегі Құқық институтын (менеджер) тәмамдаған.

Еңбек жолын Целиноград облысы, Балкашин ауданындағы «Веселовский» кеңшарында тракторшы болып бастаған (1978). 1998-2013 жылдары Ақкөл, Бұланды, Целиноград, Жарқайың аудандарының әкімі қызметін атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың қазан айынан бастап.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001); «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл (2005), «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен марапатталған.

57 жыл бұрын (1962) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабы бастығының орынбасары, авиация генерал-майоры Нұрлан Секенұлы ОРМАНБЕТОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1983 жылы Харьков жоғары әскери авиация училищесін, 1996 жылы Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын, 2010 жылы РФ ҚК Бас штабы әскери академиясын тәмамдаған.

Харьков жоғары әскери авиациялық училищесінің курсанты (1979- 1983. КЖ жойғыш авиациялық дивизиясы жойғыш авиациялық полкінің ұшқышы, аға ұшқышы, авиациялық звено командирі, Шығыс әскерлер тобы авиациялық звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары, ҚР ҚМ қарамағында, эскадрилья командирі, Ю.А.Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясының тыңдаушысы (1983-1996), Бомбалаушы авиациялық полктің ұшу дайындығы бойынша полк командирінің орынбасары, бөлім командирінің орынбасары, Авиациялық база және 21751 әскери бөлім командирлерінің орынбасары, соңғысының командирі (1996-2007), ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары (2007-2010), 2010 жылдан ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысы (2013-2017). 2017 жылдан ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары. Бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың ақпан айынан бастап.

57 жыл бұрын (1962) қазақстандық кинотанушы, киносыншы Гүлнар Ойратқызы ӘБІКЕЕВА дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының сценарий-кинотану факультетін кинотанушы мамандығы бойынша (1984); Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының аспирантурасын (1992) бітірген.

Еңбек жолы: 1984 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының сценарийлік-редакциялық алқасының аға редакторы; 1987 жылдан Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының аспиранты (Мәскеу); 1992 жылы «Азия кино» журналының бас редакторы; 1994 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Кино тарихы және теориясы» кафедрасының меңгерушісі; 1997 жылдан - «Сорос-Қазақстан» қорының «Мәдениет және өнер», «Бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау» бағдарламаларының үйлестірушісі; 2001 жылдан - Фулбрайт стипендиаты, АҚШ-тың Болдуин колледжінің, Пистбург университетінің зерттеушісі және оқытушысы; 2002 жылдан - «Сорос-Қазақстан» қорының «Шығыс Батыс» бағдарламасының үйлестірушісі; 2003 жылдан - «АСТВ» телеарнасының бас продюсері (Астана қаласы); 2004 жылдан - «Орталық Азия кинематография орталығы» қоғамдық қорының директоры (Алматы қаласы); 2005 жылдан бері - «Еуразия» халықаралық кино байқауының арт-директоры; 2006-2008 жылдары - «Евразия кино» журналының бас редакторы; 2009 жылдың қаңтар айынан бері - «Территория кино» журналының бас редакторы; «Мегаполис» (2003-2005), «Начнем с понедельника» (2006-2008) газеттерінде кино туралы тұрақты айдарды жүргізген; 1998 жылдан ҚР Кинематографистер одағының мүшесі; 2006 жылдан «ФИПРЕССИ» Халықаралық кино сыншыларының федерациясының мүшесі; 2007 жылдан НЕТПАК Азия кино сыншыларының қауымдастығының мүшесі.

2006 жылы «Қазақстан Парламентіне 10 жыл»; «Ерен Еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. 2016 жылы Францияның Әдебиет және өнер орденінің кавалері атанды.

56 жыл бұрын (1963) Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Ермекұлы ОМАРОВ дүниеге келген.

Өзбекстанда, Ферғана қаласында туған. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірген (1985). Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінде еңбек өтілінен өткен (1992).
Еңбек жолы: Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, этнография және археология институтының ғылыми қызметкері; Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма бойынша Бас редакциялық алқасында ағылшын тілінен аудармалардың бас редакторы (1989-1991); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы, Еуропа және Америка бөлімінің меңгерушісі (1992-1994); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басқарма бастығы, Еуропа департаменті директорының орынбасары (1996-1998); Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесші-елшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі Елшісі (1998-2004); ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы (2004); ҚР-ның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2004-2008); ҚР-ның Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы (2008-2009); ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары (2009-2013); 2013 жылғы қаңтардан бастап 2017 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2017 жылдың 4 қаңтарынан бастап Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталған.

40 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы ШАЙЫМОВА дүниеге келген.

Целиноград облысында туған. Л. Гумилев атындағы университетін (1999); Қаржы полициясы академиясын (2004) бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық байланыс басқармасының кіші инспекторы, инспекторы, аға инспекторы, аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы (2000-2002); Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы құқықтық сараптама бөлімінің бастығы (2002-2004); Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары (2004-2005); Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары (2005-2011); Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының кеңесшісі (2011-2012); Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі - Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының Ақпараттық-талдау басқармасы Стратегиялық талдау орталығының басшысы (2012-2013); Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығы меңгерушісінің орынбасары (2013-2014); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы (2014-2015);

2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап 28 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі;

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.

Бірнеше жыл бойы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық жұмыс топтарының теңтөрағасы болды. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерекелік және ведомстволық медальдарымен наградталған.

Соңғы жаңалықтар