12 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 12 қаңтарда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

13.00-де «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ғимаратында «Bolashaq Business Forum III» форум өтеді. Іс-шара барысында белгілі бизнесмендер - «YPO Kazakhstan» мүшелері және өз бизнесін құрған «Болашақ» бағдарламасының түлектері бизнесті жүргізу тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ халықаралық спикерлер шеберлік сабақтарын жүргізеді.

14.00-де Ботаникалық саябақ аумағында мұздан мүсін жасау бойынша халықаралық байқау өтеді.

15.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде «Халықтың сүйіктісі» жүлдесінің жеңімпаздары марапатталады.

Соңғы жаңалықтар