12 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 қаңтар күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы отырысы өтеді. ҚР ОСК интернет-ресурсында Ортсайлауком отырыстарының онлайн көрсетілімі ұсынылады.

12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде оқу жылының үшінші тоқсаны туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

16.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының АСК-нің Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлау қорытындыларын белгілеу туралы отырысы өтеді. ҚР ОСК интернет-ресурсында Ортсайлауком отырыстарының онлайн көрсетілімі ұсынылады.

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындылары туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер - Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова.


Соңғы жаңалықтар