12 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 12 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.


null
12 қаңтар. СЕНБІ

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1955 жылы Қазақстан аумағында, Төретам кентіне жақын жерде әлемдегі тұңғыш және ең ірі ғарыш айлағы - Байқоңыр кентінің құрылысы басталды. 1969 жылы оған қала статусы берілді. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының иелігіне өткен, қазіргі кезде оны Ресей Федерациясы 2050 жылға дейін жалға алды.

1990 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды.

1993 жылы Қазақстандағы экономикалық өзгерістер жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды.

1995 жылы Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіровке, Талғат Мұсабаевқа «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі - «Алтын Жұлдыз» тапсырылды.

2002 жылы Алматыда қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мұражай үйі ашылды.

2006 жылы Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин кездесіп, екіжақты келіссөздер жүргізді.
Осы келіссөздердің барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы қазақстандық-ресейлік мемлекеттік шекара жөніндегі Шартты бекіту туралы грамоталар алмасу хаттамасына қол қойды.

2006 жылы Қостанайда «Қазақ Тұлпары» атты республикалық мемлекеттік кәсіпорынның құрамынан жылқылардың генетикасын зерттейтін еліміздегі алғашқы зертхана ашылды. Зертхана асыл тұқымды жылқылардың жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын жылқылардың жаңа тұқымын жасап шығарумен шұғылданады. Жаңа тұқымның арғы тегін зерттеу селекцияны жылдамдатуға көмектеседі. Осы бағыттағы жұмыс елдің экономикасына және Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкес белгілердің бірі болды.

2009 жылы Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнiң алғашқы Зияткерлік мектебі ашылды. Зияткерлiк мектеп балалардың қабiлеттiлiктерiн және жеке бас мүддесiн есепке алып кең ауқымда бiлiм бағдарламаларын береді. Бұл мектепте цифрлы техникамен жарақтанған 24 смарт-сыныптар, 14 интерактивті пәндік кабинеттері, 4 физика, 6 мультимедиа кабинеттерi бар. Әрбiр оқушы интернетке шығатын дербес ноутбукпен қамтамасыз етілген.

2011 жылы Азия Олимпиадалық кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Әл-Кувейтте VII қысқы Азия ойындарының алауы қазақстандық делегацияға салтанатты түрде табыс етілді.

2011 жылы Алматыдағы қалалық поштамтта 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының Эстафетасына арнайы шығарылған пошта мөрқалыбымен филателистік өнімді сөндіру рәсімі болды.

Мемлекеттік тілде жазылған «7-ші қысқы Азия ойындарының Эстафета алауы. 12.01.2011» жазуы және алаудың суреті түсірілген ашықхат қазақстандықтардың өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі - 7-ші қысқы Азия ойындары алауының эстафетасының құрамдас бөлігіне айналды.

2012 жылы Түркияның Адана қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды. Қазақстанның Аданадағы консулы ретінде белгілі бизнесмен, «Кулак иншаат» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Таркан Кулак тағайындалды. Ашылу рәсімінен кейін қонақтар Қазақстан жайлы сыр шертетін фотокөрмені тамашалады. Қатысушылардың барлығына Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі түрік тілінде шығарған Қазақстан туралы кітап сыйға тартылды.

2015 жылы Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуына және Қазақстан ғарыш байланысының 10 жылдығына арналған пошта маркалары айналымға шығарылды. Үш рет ғарышқа ұшқан ғарышкер Талғат Мұсабаевтың бейнесі түсірілген мерейтойлық марка 25 000 данамен шығарылды.

Соңғы жаңалықтар