12 ақпанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі жұмысының қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер: Қоғамдық кеңес төрағасы Сансызбай Есілов пен Қоғамдық кеңес хатшысы Мұхтар Еркетаев.

Онлайн баспасөз конференциясы әкімдіктің Facеbook-тегі парақшасында тікелей эфирде өтеді.

11:00-де ҰҚК Шекара қызметінің Instagram аккаунтында тікелей эфирде Мемлекеттік шекараны кесіп өту мәселелері бойынша онлайн конференция өтеді.

11:00-де ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Электр энергиясы нарығында бәсекелестікті дамыту тұтынушылардың энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды таңдау құқықтарын іске асырудың кепілі ретінде» тақырыбында онлайн режимінде Open Ѕрасе өтеді.

Open Space алаңына қатысушылар: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның бас директоры

Александр Зинкевич, «Электр энергиясы және қуат нарығының Қазақстандық операторы» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытжан Ілияс, «Самұрық-Энерго» АҚ нарықты дамыту департаментінің бас менеджері Дархан Ахметов және электрмен жабдықтау нарығының басқа да өкілдері.

12:00-де Халықаралық Түркі академиясы «Тұлғалар тағылымы» жобасы аясында түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы, көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Зәки Уәлиди Тоғанның өмірі мен шығармашылығына арналған «Зәки Уәлиди Тоған: ғалым, саясаткер, тұлға» атты шара өткізеді.

Алқалы жиынға түркі елдерінің танымал ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

15:00-де «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да «Smart Data Ukimet» - мемлекеттің сандық трансформациясы және бизнестің дамуы тақырыбында өтетін онлайн брифинг өтеді. «Big Data» блогының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл департаментінің директоры Сергей Путра үлкен деректерді талдаудың қазақстандық құралы туралы айтады және қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.

15.00-де Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа жиналысы өтеді. Күн тәртібіне сәйкес өткен жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары мен 2021 жылға арналған жоспарлар талқыланады. Отырыс онлайн режимде көрсетіледі.

16:00-де елордалық Достық үйінің мәжіліс залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдардың, этномәдени бірлестіктердің, елордалық Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары басшыларының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және этносаралық қатынастар саласындағы Модельдік ведомствоаралық жоспарды іске асыру мәселелері талқыланады, сондай-ақ қалалық Ассамблея «Ризашылық марафонын» бастауға рұқсат береді.


Соңғы жаңалықтар