12 ақпанда Астана мен Алматы қалаларында өтетін шаралар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 ақпан күні елімізде өтетін маңызды оқиғаларды оқырман назарына ұсынады.

АСТАНА

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына және 2018 жылғы жоспарларға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сонымен қатар аталған  қызметте сағат 16.20-да  «OpeningMilan Fashion Week - February 2018» сән апталығының ашылуына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

  

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Қазақстан» қонақ үйінің «Жамбыл» залында «Ауыл шаруашылығын, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті қорландыру проблемалары: кедергілер мен мүмкіншіліктер» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы жоспарланған.

Ал сағат 12.00-де Қазақстан Шахмат федерациясы «World Class» фитнес-клубында баспасөзге арналған шара ұйымдастырады. Спикер ретінде қыздар арасында халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік, шахматтан қыздар арасында халықаралық шебер Гүлмира Дәулетова, 15 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында әлем чемпионы Әсел Серікбай, 13 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Назерке Нұрғали, Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Рүстем Хұснұтдинов, Қазақстан Шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко және арнайы шақырылған қонақ ретінде Ресейдің әйелдер құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Юрий Якович сөз сөйлейді.

Соңғы жаңалықтар