12,5 мыңдай кредит алушы экономиканың зардап шеккен салаларында қызмет етеді - агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12,5 мыңға жуық кредит алушы экономиканың төтенше жағдайды және карантин шараларын енгізуден зардап шеккен салаларында қызметін жүзеге асыруда. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттіктің бағалауынша 12,5 мыңға жуық кредит алушы экономиканың төтенше жағдайды және карантин шараларын енгізуден зардап шеккен салаларында қызметін жүзеге асыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында агенттік Үкіметпен бірлесіп «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының талаптары бойынша экономиканың зардап шеккен секторларында шағын және орта бизнестің барлық қолданыстағы кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды жылдық 6 пайызға дейін мемлекеттік субсидиялауды қамтамасыз етеді. Субсидиялау төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап, яғни осы жылғы 16 наурыздан бастап 12 ай кезеңге беріледі», - деді агенттік төрайымы.

Оның дерегінше, бүгінгі күні шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша орташа ставка шамамен 15 пайызды құрайды.

«Кредит алушыларды көбірек қамтуды қамтамасыз ету үшін субсидияланатын кредиттер бойынша ең жоғары ставканы 20 жиырма пайыздан төмен емес мөлшерде белгілеу ұсынылады. Бұл ретте орташа алғанда субсидиялау ставкасы 9 пайызға дейін болады»,- деді Мәдина Әбілқасымова.


Соңғы жаңалықтар