Валюта бағамдары:
    usd/kzt 457.29 eur/kzt 490.35

    rub/kzt 5.97 cny/kzt 66.5
Ауа райы:
Астана+6+8℃
  Jańalyqtar  >

116 медициналық-әлеуметтік мекеменің жұмысы тексеріледі

2023 жылғы 12 қаңтар, 16:03

АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 116 медициналық-әлеуметтік мекеменің арнайы қызмет көрсету стандарттарын тексермекші. Бұл жайында Еңбек министрі Тамара Дүйсенова ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншісі – барлық 116 медициналық-әлеуметтік мекемеге арнайы қызмет көрсету стандарттарының сақталуына тексеріс жүргізілетін болады. Олардың қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдерімен бірлесіп функционалдық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылданады.

Екінші қадам – сыйымдылығы төмен үйлерді, әсіресе ауылдағы үйлерді қолдау және дамыту. Бүгінгі таңда осындай 20 үй жұмыс істейді, олардың базасында АӘҚ көрсетудің жан басына шаққандағы нормативтері сынақтан өткізілетін болады. Пилоттың қорытындысы бойынша жаңа тарифтеу жүйесі дайындалады», - деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің сөзінше мұқтаж адамдарға қымбат және заманауи техникалық компенсаторлық құралдар теңдей жету үшін облыс орталықтарында техникалық құрал парктерін құру көзделіп отыр. Бұл жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен іске асырылмақ.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары