115 млн теңге жымқырған Панфилов аудандық білім бөлімінің есепшісі 10 жылға сотталды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы Панфилов аудандық білім бөлімінің есепшісі болған Мұхамерова 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Панфилов аудандық білім бөлімінің есепшісі Мұхамерова 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол іс жүзінде жұмыс істемейтіндер арқылы бюджеттен 115 млн теңге жымқырған», - деді Талдықорғанда өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов.

Сондай-ақ ведомство өкілі Көксу аудандық білім бөлімінің басшысы болған Сейтниязов пен заңгері қызметін атқарған Утельбаев та актіге қол қойғаны үшін пара алып, 4,5 млн теңге айыппұл төлегенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облыстық білім басқармасының басшысы болған Майгүл Омарованың 10 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар