+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

114 мыңнан астам азаматтың 700 млн теңгеге жуық өсімпұлы есептен шығарылды

2019 жылғы 13 қыркүйек 13:54
Бөлісіңіз:
114 мыңнан астам азаматтың 700 млн теңгеге жуық өсімпұлы есептен шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне дейін 2,9 млрд. теңгеге жуық қарыздың негізгі сомасын төлеген 114 849 жеке тұлғалардың 688,3 миллион теңге көлемінде өсімпұлы есептен шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар
Көпбалалы отбасыға шағын несие қалай беріледі Әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашылды Алматылықтар Бақытжан Сағынтаевтың жеке қабылдауында болды

Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығына сәйкес жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегі бойынша, қазірге уақытта 1,4 миллионға жуық адам рақымшылыққа ілігіп, 13,9 миллиард теңге көлеміндегі қарыздың негізгі сомасын төлеген жағдайда, 6,3 миллиард теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылады.

«Үкіметтің халықтың жағдайын жасап, қарызын азайту мақсатында жасап жатқан рақымшылығы аз емес. Мәселен, 2019 жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінің 210 миллиард теңге негізгі берешегін төлеген жағдайда 123 миллиард өсімпұлын, 7 миллиардқа жуық айыппұлын кешірсе, қарапайым халықтың мүлік, жер және көлік құралдары салығына 14 миллиардқа жуық негізгі берешегін төлеген жағдайда 6 миллиардтан астам өсімпұлын кешіреді. Осындай қомақты соманы кешірім жасаудың өзі халыққа жасалған үлкен қамқорлық. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалу керек» деді ҚР ҚМ МКК Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар.

Салық қарызын мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтында «Салық қарызының болуы/болмауы туралы ақпарат» бөлімінде тексеруге болады. Салық төлеуші өзінің ЖСН-н енгізсе болды, өзінің салықтық қарызы туралы мәліметтерді ала алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT