110 мектептің дәретханасы аулада тұр – Білім және ғылым министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп дәретханаларын заман талабына сай ету мәселесіне қырын қарап отырған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір жыл бұрын 2 700 мектептің дәретханасы далада орналасқан болса, бүгін 2600-ге жуық дәретхана салынып, бұл көрсеткіш 98,9%-ға жетті. Десек те, Түркістан, Алматы, Баытс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 110 мектебінде ауладағы дәретханалар жұмыс істеп тұр. Бұл мәселені 1 қыркүйекке дейін толық шешу керек», - деді ол Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, республикада 21 мың оқушы тасымалдауды қажет етеді.

«Бүгінде автопаркіміз 758 автобустан тұрады. 3 жыл ішінде 203 автобус сатып алынды. Бұл жақсы көрсеткіш болғанымен, әлі де 506 автокөлікті жаңарту керек. Сондықтан әкімдіктерден осы мәселеге қаражат қарастыруды сұраймын», - деген ведомство басшысы орта білім беру ұйымдарының ас блоктарында бейнебақылау орнатылған мектептер саны 4 есе өсіп, биыл олардың саны 2 400-ден асқанын атап өтті.

«Бүгінде 248 мектеп қолма-қол ақшасыз есеп айырысу форматына көшті. Бұл жұмысты жалғастырып, 2025 жылы 100 пайызға жеткіземіз. Ыстық тамақты ұйымдастыру конкурстарын түгелдей электронды форматқа ауыстырамыз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар