110 алматылыққа мемлекеттік марапат тапсырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығына сай қала әкімі Бауыржан Байбек еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттарды тапсырды.

«Біздің Президентімізбен бірге тәуелсіз Қазақстан өзінің Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін, ұлттық валютасын қабылдады, Еуразия жүрегінде жаңа астананы құрды. Астана - Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі, еліміздің тарихына алтын әріптермен мәңгілікке жазылып қалады. Алматы - тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Мемлекет басшысының ерекше назары мен қолдауы арқасында қала экономикасы тұрақты өсуде. Егер тәуелсіздіктің бастауында еліміздің ІЖӨ небәрі 10% болса, қазір Алматының  экономикасының өзі ел экономикасының бестен бір бөлігін алады», - деді өзінің құттықтау сөзінде Бауыржан Байбек.null 

Ол қазіргі кезде мегаполистің тұрақты даму Мақсаттарына, Экономикалық ықпалдастық және даму Ұйымының стандарттарына және үздік әлемдік практикаға жүгінетінін айтты. Кеше ғана қала мәслихатында бекітілген Алматының келер жылғы бюджеті Мемлекет басшысының Жолдауын және «Алматы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға негізделген. Яғни, нақты бюджеттің 40%-ы әлеуметтік саланы, 23%-ы қоғамдық көлік, жол инфрақұрылымы жобаларын, қала көшелерін реконструкциялауды қаржыландыруға жұмсалады.null 

Салтанатты жиын барысында Мемлекет басшысының Жарлығымен 110 алматылыққа мемлекеттік марапат тапсырылды. Олардың арасында білім, мәдениет, денсаулық сақтау, бизнес пен өнеркәсіп салаларының өкілдері бар. Бұлардан өзге, азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен қатар көлік, құрылыс, энергетика және қаржы саласының мамандары жоғары марапаттарға ие болды.

null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар