11 желтоқсанда кей өңірлерде жел күшейіп, бұрқасын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  11 желтоқсанда оңтүстіктен жылжыған циклонның әсерінен елдің солтүстік, шығыс,  оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерінде жауын-шашын болады,  ал қалған аумағында күн ашық. Қазгидометтің хабарлауынша, республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

 Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 18-23, екпіні 28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар