11 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 11 желтоқсанда Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Қазмедиа орталығында отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезі өз жұмысын бастайды.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 11.00-де Alem болашақ мектебінде (Astana Hub Expo, С4.5 павильоны) «Код сағаты» жыл сайынғы ашық сабағы өтеді.

Сағат 11.00-де «Hilton Garden Inn» ауылдық елдімекендерді интернет желісімен қамтамасыз ету жобасының аралық қорытындыларына арналған «Транстелеком» АҚ-ның баспасөз мәжілісі өтеді.

Сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Пекин Палас ғимаратында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты форумы басталады.

Сағат 11.00-де Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымы кеңсесі ресми түрде ашылады.

Сағат 11.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ОКҚ-нің директоры Талғат Қалиевпен жұмыс кездесуі өтеді.

Сағат 14.30-да Radisson қонақ үйінде Америка Құрама Штаттарының Халықаралық Даму Агенттігі (USAID) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп туберкулезге қарсы жаңа үш жобаны ресми түрде іске қосады.

Сағат 15.00-де Сенатта «Мемлекет басшысының« Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалар аясында білім беру сапасын арттыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 19.00-де «Қазақстан» ОКЗ Камералық залында «Қазақконцерт» ұйымының «Saz and soul» вокалдық-аспаптық ансамблі елордалықтарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйламақ.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Атакент» көрме орталығында Қытай сауда жәрмеңкесінің ашылуы болады. Көрме China Homelife Kazakhstan 2019 және China Machinex Kazakhstan 2019 бағыттары бойынша өтеді.

Сағат 11.00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) дәстүрлі брифинг өткізеді. Онда қазақстандық қор нарығының жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылады. Іс-шараның спикері - Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қатысты Салық кодексінің ережелері туралы дөңгелек үстел өтеді. Осы мәселе бойынша пікірталасқа Республикалық кәсіпкерлікке көмек орталығының бас директоры Дмитрий Казанцев қатысады.

Сағат 13.30-да Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында итальяндық режиссер Маттео Мазцоның «Дон Паскале» Гаэтано Дониззети операсының қойылымына арналған баспасөз мәслихаты және баспасөзге арналған жабық көрсетілімі өтеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында музей қорынан «Алтын Орда - қазақ мемлекеттілігінің бесігі» көрмесі ашылады.

Сағат 15.00-де Азаматтық орталықта Кәсіпкерлік, экология және қалалық ұтқырлық жөніндегі қоғамдық кеңестің №3 комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 18.30-да Q-lab Space-те «Бірегей ғимараттардың каталогы» бойынша ашық қоғамдық тыңдау өтеді. Онда Алматы тұрғындарының алғашқы өтінімдері қаралады.

Соңғы жаңалықтар