+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

11 желтоқсан. Туған күн иелері

2019 жылғы 11 желтоқсан 08:08
Бөлісіңіз:
11 желтоқсан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 11 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

155 жыл бұрын (1864-1919) қазақтың атақты халық әнші-композиторы, айтыскер ақын, ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген ерекше өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан – Нұрмағамбет БАЙМЫРЗАҰЛЫ (Балуан Шолақ) дүниеге келген.

1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының маңында туған. Ақмола облысындағы Тасты өзенінің бойында жерленген. Балуан Шолақтың жас кезінде әкесі Көкшетауға көшіп келген. Осында өсіп, өнер қуып, Арқаның ардагер серісі атанған оның әндері, өлеңдері көптеген жинақтарға енген, жеке кітап болып та басылып шыққан. Он төрт жасында күреске түскен Балуан Шолақ салдық құрып, төңірегіне өнерлі жастарды жинаған. Жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты халық «Балуан Шолақ» деп атап кеткен.

Көкшетау қаласында өткен бір үлкен жиында 51 пұт (830 кг тарта) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырған. 1899 жылы 35 жасында орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырған. 1913 жылы ата-бабасының туып өскен, кіндік қаны тамған Шу өңіріне келген. Осы сапарында Қордай даласында қой бағып жүрген Кенен Әзірбаев оның көптеген әндерін үйренген.

Балуан Шолақ Шу өңірінде болған сапарында көтерген салмағы 1050 келі тартатын тас бүгінде аудандық тарихи өлкетану мұражайының алдына қойылған. Сондай-ақ, Далақайнар өңіріндегі өзі аршыған тұнба әлі күнге дейін «Балуан Шолақ бұлағы» аталып келеді. Еліміздегі көптеген қалалардағы спорт сарайлары Балуан Шолақ атымен аталады.

64 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасының заңнамалық ақпарат және құқық институтының директоры Рамазан Құмарбекұлы САРПЕКОВ дүниеге келді.

Талдықорған облысының Панфилов қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтады. Заңгер.

Еңбек жолы: 1973-1974 жылдары – Алматы облысындағы Панфилов ауданында құрылысшы. 1974-1976 жылдары – Кеңес әскерінің қатарында қызметте, Хабаров өлкесі. 1976-1981 жылдары – Алматы қ. «Электромонтаж» ҚБ, электромонтаждаушы. 1981-1982 – Алматы қ. Әуезов ЖҚУ кадр бөлімінің инспекторы. 1982-1986 жылдары – Торғай ауданы Жангелді ауданының прокуратурасы тергеушісі. 1986-1988 жылдары – Торғай облысы прокуратурасының аса маңызды істер бойынша аға тергеуші. 1988-1989 – Қостанай облысы Амангелді ауданы прокуратурасының тергеушісі (Торғай облысын таратуға байланысты). 1989-1994 жылдары – Қостанай облысы Амангелді ауданының Халық сотының төрағасы. 1994-1995 жылдары – Торғай облыстық соты Төрағасының орынбасары. 1995-1997 жылдары – Торғай облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы. 1997-1999 – Арқалық қ. өңірлік сот құрамының төрағасы, Қостанай облыстық сотының судьясы (Торғай облысын таратуға байланысты). 1999-2004 жылдары – II сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Аппарат басшысы және алқа мүшесі. 2007-2011 жылдары – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 2012-2016 жылдары – V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 2017-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі. 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК директоры;

Қазіргі қызметін 2019 жылдың наурызынан бастап.

«Парасат», «Құрмет», ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының «Содружество» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тың және тыңайған жерлердi игерудің басталуына 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына20 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл», «Нұр-Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін», «Үш би», «М.Әуезов», «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 20 жылдығы», «Парламенттік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін», «Қазақстан Республикасы прокуратурасындағы мінсіз қызмет үшін – 3 дәрежелі», «Қазахстан Республикасы Қаржы полициясына 20 жыл», «Адвакатураны дамытуға қосқан улесі үшін», «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Бауыржан Момышұлы», «Намыс», «Тергеу қызметінің 50 жылдығы», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен мараптталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT