+7 (701) 759 90 19
USD 431.03 EUR 471.76
RUB 5.85 CNY 61.32
Jańalyqtar

11 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 11 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
11 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 11 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық таулар күні

2004 жылдан бері БҰҰ шешімі бойынша «Бейбітшілік - таулардың тұрақты дамуына кілт» атты ұранмен өткізіледі. Таулар жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатыр, онда әлем халқының 10 пайызға жуығы мекендейді. Бұл - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.

Демікпенің дүниежүзілік күні

Қолқа демікпесі ауруына назар аударту мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты - денсаулық саласындағы күрделі проблемалардың бірі болып саналатын демікпе дертінің себеп-салдарларымен халықты жан-жақты таныстыру. Оны жеңу жолында ғылым саласында жасалған жаңалықтар туралы хабарлау.

Бүгінде әлемде 300 миллион адам демікпемен ауырады. Ол көбіне нашар экологияның салдарынан пайда болады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1990 жылы ССРО президенті М.Горбачевтың Бауыржан Момышұлына Совет Одағының Батыры атағын беру туралы № VII-1156 жарлығы шықты.

2005 жылы Астанада Қазақстанның Ұлттық банкі күміс монеталардың үш коллекциясын сатуға шығарды. Бұл - номиналдық құны 500 теңге болатын 3 мың дана «Жайран», 3 мың дана «Жошы ханның кесенесі» және 5 мың дана «Жолбарыстың басы» монеталары. Монеталар арнайы қорапқа салынып, олардың сапасы сертификатпен расталған.

2012 жылы Астанада «Орталық Азия және Ауғанстан кәсіпкер әйелдерінің бизнес-қауымдастығы» құрылды. Қауымдастық құрудың негізгі мақсаты -Орталық Азия мен Ауғанстан кәсіпкер әйелдері арасында мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықты жолға қою.

2012 жылы Молдова Республикасы Гагаузия автономдық-аумақтық құрылымындағы Комрат муниципиясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қола мүсіні орнатылды. Оны танымал мәскеулік мүсінші Константин Константинов жасаған.

2014 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде әскери тарихшыларды дайындау бойынша мамандандырылған әскери кафедрасы ашылды.

2015 жылы «Қазпошта» АҚ қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің халықаралық ғарыш станциясына ұшу сапарына арналған марканы айналымға енгізді. Бес мың таралыммен айналымға енген марканың құны – 300 теңге.

2018 жылы Марракеште арнайы үкіметаралық конференцияда Қазақстан Қауіпсіз, реттелген және заңды миграция жөніндегі жаһандық келісімшартты мақұлдаған елдер қатарына кірді. Конференцияға әлемнің 150-ден астам елінен делегаттар қатысты.

2018 жылы Қазақстанда ТМД-дағы ең үлкен күн электр станциясы іске қосылды.

Жамбыл облысында қуаттылығы 100МВт «Бурное СЭС» жобасы – ТМД-дағы ірі күн электр станциясы Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауы арқасында ашылды.

2018 жылы Үндістанның Гуджарат штатындағы Гандинагарс қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консульдығы ашылды. Оған белгілі бизнесмен, «ChandanSteelLimited» компаниясының басқарушы директоры Дилип Чандан жетекшілік етеді.

Құрметті мейман, Гуджарат штатының Бас министрі Виджай Рупани Сахеб Құрметті консульдықтың ашылуы екі жақты экономикалық байланысты нығайтуға ықпал ететіндігіне және инвестициялық тасқынды ұлғайтатындығына сенімді екендігін жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT