11 жасар оқушыны өлтірген қостанайлық қылмысын мойындады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Қарасу ауданында кәмелеттік жасқа толмаған баланы өлтірген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарасу ауданының Восток ауылында 11 жастағы баланың мүрдесі табылған. Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілді. 

«Жедел-із кесу шаралары барысында  46 жастағы Қарасу ауылының тұрғыны ұсталды. Ол қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Күдікті Қарасу аудандық ІІБ оқшаулағышына қамалды.  Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: yugopolis.ru

Соңғы жаңалықтар