11 жасар қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

None
Фото: Қозоғистон теннис федерацияси
АСТАНА. ҚазАқпарат – Каталонияда (Испания) 12 жасқа дейінгілер арасында өткен халықаралық турнирде 11 жасар қазақстандық Мәриям Нұржан чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, алдымен жеңімпаздар Каталонияның төрт провинциясында анықталды. Содан кейін олар өзара бақ сынасты.


Мәриям Нұржан Каталонияның бірінші ракеткасын 7:6 (7:3), 3:6, 10:3 есебімен ұтып, беделді жарыста үздік атанды.

Қазақстандық спортшыға жүлдені Испанияның атақты теннисшісі, кезінде «Үлкен дулыға» турнирін 14 рет ұтқан Аранта Санчес Викарио табыс етті.

Бішкекте 14 жасқа дейінгілер арасында ATF додасында тағы бір қазақстандық Аңсар Ниетқалиев жекелей және жұптық сында финалға дейін жетті. Аңсар жұптық сында қазақстандық Александр Софрыгинмен бірге ойнады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдерінің қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді.


Соңғы жаңалықтар