+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

11 жасар алматылық Лос-Анжелесте Азия киносы фестивалінің қызыл кілемімен жүріп өтті

2019 жылғы 8 қараша 14:53
Бөлісіңіз:
11 жасар алматылық Лос-Анжелесте Азия киносы фестивалінің қызыл кілемімен жүріп өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 жастағы алматылық Софи Манасян Лос-Анджелесте Бүкіләлемдік Азия киносы фестивалі аясында қызыл кілеммен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақ балеті Лондон төрінде өнер көрсетті Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтеді #Abai175: елордалық 700 әртіс ресейлік әріптестеріне эстафета жолдады

Nickelodeon телеарнасындағы Lip Sync Battle Shorties балалар шоуына қатысу арқылы тек Қазақстанда ғана емес АҚШ-та да қатарластарының арасында танымал болған Софи қуанышты жаңалығын Instagram-парақшасында бөлісті.

«Дүниежүзілік Азия кино фестивалі – 2019. Ашылуы керемет болды, барлық көрсетілімдерде жүздесеміз», - деп жазды 11 жастағы алматылық.

Софи қызыл кілеммен қазақстандық дизайнерлердің бірінің қолынан шыққан көйлекпен жүріп өткен.

Айта кетейік, Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алтын тақ», Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» және Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі» фильмдері АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында қарашаның 6-ы мен 14-і аралығында өтіп жатқан Asian World Film Festival фестиваліне қатысып жатыр. Бұл туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: АҚШ, Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT