11 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
2022 жылғы 10 тамыз 20:11

11 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30-да Ұлттық баспасөз клубында елордада әкімшілік және қылмыстық істерді қолдан жасаған мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық әрекетіненен туындаған кәсіпкерлер проблемасы жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

11.00-де Kursiv.media іскерлік басылымы макроэкономикалық реттеу және несие-ақша саясаты мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізеді. Тікелей трансляцияны мына сілтемеде тамашалауға болады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР волонтерлік қызмет, қайырымдылық, үкіметтік емес ұйымдар мәселелері бойынша заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының жетекшісі Вера Ким, «Дара» жеке қорының атқарушы директоры Айнұр Аймурзина.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

14.00-де Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша сауда орындарын аралайды.

16.00-де елордалық мәслихаттың қоғамдық кеңесі отырыс өткізеді.

17.00-де PaperLab пікірталас алаңында «Ислам және зайырлылық: жаңа арасалмақты қалай табамыз?» атты пікірталас өтеді.

19:30-да «Астана-Арена» стадионында «Қызылжар» және кипрлық «Апоел» футбол клубтары матч өткізеді.


Фото: depositphotos.com


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT