11 тамыз: Туған күн иелері
2022 жылғы 11 тамыз 08:08

11 тамыз: Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 11 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1961) C.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ҰАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Нұралыұлы НЫСАНБАЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институты және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдады. Орман шаруашылығы инженері, қаржы саласының маманы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1983 жылдың қыркүйек айында Алматы облысындағы орман шаруашылығының шебері ретінде бастады.

2006 жылдан 2009 жылға дейін «Астана-Зеленстрой» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды.

2009 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы болған.

2013-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болды. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі (2014-2019). ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі (2019-2021).

Қазіргі қызметінде - 2021 жылдың мамыр айынан бастап.

«Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

54 жыл бұрын (1968) Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Тұрсанұлы НҰРМҰХАМБЕТОВ дүниеге келді.

Қостанай облысы Қарасай ауданының Майский ауылында туған.

1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша,2002 жылы – Ресейдегі Челябі мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы – Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1992 жылы Торғай облысы Октябрь ауданының Вильямс атындағы совхоздың бас агрономы ретінде бастаған.

1994 - 1996 жылдар аралығында – Қостанай облысы Қостанай ауданының Московский совхозының бас агрономы болды.

1996 - 1997 жылдары – «Боскөл» ҰЖШК директоры, Қостанай облысы Комсомол ауданының «Боскөл» өндірістік кооперативінің директоры.

1997 - 2002 жылдары – Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.

2002 - 2008 жылдары – Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі.

2008 - 2009 жылдары – Қостанай облысы Костанай қаласының әкімі.

2009 - 2011 жылдары – «Содружество» ӨТК» ЖШС директорының орынбасары.

2011 - 2012 жылдары – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі.

2012 - 2014 жылдары – Костанай қаласының әкімі.

2014 - 2015 жылдары –Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы.

2015 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін - Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары.

40 жыл бұрын (1982) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Батырбек Сұлтанұлы ӘБДІЛДИН дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін, Сингапур университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстандағы шетелдік коммерциялық ұйымның өкілі ретінде бастаған. 2002-2005 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің «Құрылыс консалтинг» АҚ маманы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, директорының орынбасары. 2005-2009 жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2009-2011 жылдары – «Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, директорының орынбасары. 2011-2015 жылдары – «Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары.

2015-2020 жылдары жеке секторда еңбек еткен. 2018-2019 жылдары - Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры. 2020 жылғы қыркүйектен бастап осы қызметке тағайындалуға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобалық кеңсесінің басшысы болған.

32 жыл бұрын (1990) қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Фёдорович ДЫЧКО дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Рудный индустриялық институтында оқыды.

Жастар мен жасөспірімдар арасындағы ҚР чемпионы, көптеген халықаралық жарыстар мен турнирлерге қатысып, жүлдегер атанған, Гуанчжоуда өткен бокстан Азия ойындарының күміс жүлдегері.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнирде бірінші орынға ие болды.

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері (Лондон-2012, Рио-де-Жанейро-2016), Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері (екі күміс - Алматы-2013, Доха-2015, бір қола - Баку-2011), Азия чемпионы (Амман-2013), Азия ойындарының чемпионы (Инчхон-2014) және күміс жүлдегері (Гуанчжоу-2010). 2015 жылы Қазақстанның үздік боксшысы деп танылған. Қазіргі таңда кәсіпқой рингте жұдырықтасады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT