11 тамыз: Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 11 тамыз күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null 57 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі НЫСАНБАЕВ Ерлан Нұралыұлы дүниеге келген.

Алматы облысында туған.

Қазақ ауыл шаруашылығы институты және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдады. Орман шаруашылығы инженері, қаржы саласының маманы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1983 жылдың қыркүйек айында Алматы облысындағы орман шаруашылығының шебері ретінде бастады.

2006 жылдан 2009 жылға дейін «Астана-Зеленстрой» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды.

2009 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы болған. 2013-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болды. Қазіргі қызметінде - 2014 жылдың тамыз айынан бастап.

«Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

null 55 жыл бұрын (1963) «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ (Қазақэнергосараптама)» басқарма төрағасы СМАҒҰЛОВ Бауыржан Әміржанұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды медицина инстиутында оқыған, Қарағанды экономика университетін, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Қарағандыда, Мәскеуде медицина мекемелерінде, коммерциялық құрылымдарда, Қарағанды облысында жауапты басшылық қызметтерде болды. 2010 жылғы мамырдан - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары болды. Қазіргі қызметінде - 2016 жылғы желтоқсаннан бері.

null 41 жыл бұрын (1977) Халықаралық ақпарат технологиялары университетінің ректоры ШЫНЫБЕКОВ Дамир Абдухалиұлы дүниеге келген.

Ол Халықаралық бизнес университетін бітірген, Дрезден техника университетінде, Халықаралық бизнес университетінде, Ресей шағын және орта бизнесті қолдау агенттігінде, Монреальдағы заманауи педагогика орталығында білімін жетілдірген.

Еңбек жолы: Халықаралық бизнес университетінің қаржы және ақпараттық жүйелер факультетінің деканы.

Қазіргі лауазымын 2009 жылдан бері атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен; ҚР БҒМ, «Зерде» АҚ құрмет грамоталарымен марапатталған.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік ЖОО оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.


null 39 жыл бұрын (1979) «ForteBank» АҚ басқарма төрағасы АНДРОНИКАШВИЛИ Гурам Леванович дүниеге келген.

Ұлыбританияның Дарема университетін бітірген (2001).

Еңбек жолы: JP Morgan қаржы компаниясының аналитигі, сарапшысы, вице-президенті (2001-2010); «МЕТРОКОМБАНК» АҚ басқарма төрағасы (2010-2012); «ForteBank» АҚ басқарма төрағасы (2012 жылдан); «ForteBank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2015-2016); «ForteBank» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2016-2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.

null 28 жыл бұрын (1990) қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері ДЫЧКО Иван Фёдорович дүниеге келді. 

Қостанай облысында туған. Рудный индустриялық институтында оқыды. 
Жастар мен жасөспірімдар арасындағы ҚР чемпионы, көптеген халықаралық жарыстар мен турнирлерге қатысып, жүлдегер атанған, Гуанчжоуда өткен бокстан Азия ойындарының күміс жүлдегері. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнирде бірінші орынға ие болды. 

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері (Лондон-2012, Рио-де-Жанейро-2016), Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері (екі күміс - Алматы-2013, Доха-2015, бір қола - Баку-2011), Азия чемпионы (Амман-2013), Азия ойындарының чемпионы (Инчхон-2014) және күміс жүлдегері (Гуанчжоу-2010). 2015 жылы Қазақстанның үздік боксшысы деп танылған. Қазіргі таңда кәсіпқой рингте жұдырықтасады.

null 67 жыл бұрын (1950) америкалық компьютер жасаушы, Apple фирмасы құрылтайшыларының бірі Стивен ВОЗНЯК дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар