11 шілдеде «Славян базары» фестивалі Қазақстан өнеріне арналады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Витебскідегі Славян базарының»  «Шекарасыз фестивалі» 11 шілдені Қазақстанның өнер шеберлеріне арнайды, деп хабарлайды БЕЛТА. 

Бүгінгі кештің ең айтулы оқиғаларының бірі «Ұлы дала өнері» гала-концерті болмақ. «Витебск» концерт залында көрермендер форумның көптен бергі достарына айналған Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева сынды өнер иелерімен қайта қауышып, жас өнерпаздар байқауының әр жылдардағы жеңімпаздарының өнерін тамашалайды. Олардың арасында 20-шы фестивальдың жүлдегері Әлішер Каримов, сондай-ақ 2015 жылғы «Славян базарының» Гран-при иегері, Азиядағы музыка шыңының барлығын бағындырған талант иесі Димаш Құдайберген де бар.

Биылғы фестивальға кинобағдарлама қайта оралып отыр. Оның беташарында режиссер Ақан Сатаев пен продюсер Әлия Назарбаеваның «Анаға апарар жол» тарихи драмасы қойылады.

Бүгін, сондай-ақ «Қуыршақ кварталы» жобасы да басталады. Беларусьтың «Лялька» театрының сахнасында «Өлі жандар» фантасмагориясы көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар