11 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 11 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады. 

АСТАНА

10.00-де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шучье-Бурабай курорттық аймағына жұмыс сапарымен барады.

9.00-де Қазмедиа орталығында «Radio Asia 2018» халықаралық конференциясы басталады.

9.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде ISO Орталық Хатшылығының даму, оқыту және техникалық саясат бөлімі қолдауымен және халықаралық сарапшылардың қатысуымен аймақтық семинар өтеді.

10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Орталық Азия, Кавказ, Шығыс Еуропа елдерінің  «Green Heroes» I Халықаралық конференциясы өтеді.

11.30-да №10 емханада Астана әкімі Әсет Исекешев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен семинар-жиналыс өтеді.

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаз мезгіліндегі аурулардың алдын-алу» тақырыбында  баспасөз мәслихаты өтеді.

15.30-да ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Сыртқы істер министрлігі және Инвестициялар және даму министрлігі арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылады. Одан бөлек, «Protecting business and investments» жобалық кеңсесінің әрі қарайғы қызметі талқыланады.

18.00-де «Жерұйық» демалыс саябағында «Денсаулық кепілі - Будь здоров! - Be healthy!» ұранымен «Сау әдеттер марафоны» акциясы өтеді.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

11:00-де Ақтөбедегі Өнер орталығында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының аймақтық кезеңі өтеді. Көрмеге 40-тан астам отандық тауарөндіруші қатысады. Жеңімпаздар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары» және «Халыққа арналған үздік тауар» аталымдары бойынша анықталады.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

17.00-де Өскеменде Б. Александров атындағы Спорт сарайында  волейболдан әйелдер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты ашылады.

Соңғы жаңалықтар