11 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 шілде күні елімізде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде Еуразиялық балалар нейрохирургтері қауымдастығының ІІ съезі мен Балалар нейрохирургиясы бойынша халықаралық мектеп ашылады.

10.00-де ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның жетекшілігімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және BMJ (The British Medical Journal) ұйымы арасындағы үш жылдық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылады және Клиникалық шешімдерді қолдау жөніндегі бастама іске қосылады.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ жыл сайынғы қайырымдылық акциясын өткізеді.

14.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасына шетелдегі қазақ диаспорасы балалары барады.

15.00-де Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтың басшылығымен автомобиль жолдары және көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бейнемәжіліс арқылы кеңес өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де «Grand Park» қонақ үйінде «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесінің өңірлік кезеңі басталады. Шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысады.

15.00-де Бақытты отбасы әлеуметтік ана орталығында балалардың мектептен тыс дамуы туралы көпбалалы аналармен кездесу өтеді.

16:00-де Достық үйінде ҚХА Алматы қаласы бойынша Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар